ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Петропавлда Тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет, мұрағаттар мен құжаттандыру қызметкерлерін ұлықтады

21:15, 15 желтоқсан 2015

Бұл жолы аталмыш саланың 30 маманы марапатқа ие болды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты.

Мәдениет саласы қызметкерлерін Тәуелсіздік күні қарсаңында ұлықтау рәсімі дәстүрге айналды. Осы жолы салтанатты шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Бірінші болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аталмыш сала қызметкерлерін  еліміздің төл мейрамымен құттықтады.

Салтанатты шарада бірқатар азаматқа облыс әкімінің алғыс хаты  табысталды. Ал «Мәдениет саласының үздігі» белгісі бұл саланың 7 өкіліне табысталды. Олардың қатарында Мағжан Жұмабаев аудандық мұражайының директоры Айгүл Жүнісова да бар.

Сондай-ақ, 8 маман мәдениет министрінің құрмет грамотасына ие болды. Олардың қатарында Орал Жахин да бар. 

Облыста қажырлы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер жергілікті ведомствоның марапатынсыз қалмады. Мәдениет, мұрағаттар мен құжаттар басқармасының құрмет грамотасымен  бұл күні Жанна Темірбаева да марапатталды. Кәсіби балетмейстер облыстағы алдыңғы қатарлы хореографтардың бірі. Бүгінде Жанна Хамитқызы «Алуа» би ансамблінің жетекшісі. 

Жиын соңында «Нескучная ночь в библиотеке» шарасының ұйымдастырушылары облыстық кітапхананың ұжымы және жастар бастамалары орталығының өкілдері марапатталды.

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...