ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Тайынша ауданының Ильичевка ауылында хоккей корты және астық қабылдау қосыны жанынан қонақ үй қолданысқа берілді

13:40, 15 желтоқсан 2015

Салтанатты шараға аудан әкімі қатысты. Бүгінде өңір көлемінде облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасы бойынша спорттық нысандар қолданысқа берілуде. Тайынша ауданындағы Ильичевка ауылында Тәуелсіздік күні қарсаңында хоккей қорабы халық игілігіне тапсырылды. Жергілікті «Ильичевка астық» серіктестігі мұз айдынын жасап, мектеп оқушыларына хоккей формасының жиынтығын табыс етті. Сондай-ақ, мерекеге орай астық қабылдау пункті жанынан қонақ үй кешені қолданысқа берілді. Әлеуметтік маңызы бар нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі де қатысты. Меймандар таспаны қиып, ғимарат ішін аралады. Бүгінде мұнда жұмысшылар асханасы мен келген қонақтарға арналған нөмірлер жұмыс істейтін болады.

«Ильичевка астық» серіктестігі бұл ауылда 2012 жылдан жұмыс істеуде.  Бүгінде астық қабылдау пунктіне өз өнімдерін аудан диқандарымен қатар көрші облыстың өкілдері де әкеледі.

Жылы әрі жайлы қонақ үй кешенінің ашылуымен екі қолға бір күрек тапқан жандар саны артып отыр. Жазда серіктестік ауыл  балаларына арнап тағы бір спорттық алаң тұрғызбақшы.

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...