ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Тәуелсіздік мерекесі күні Петропавлдың орталық алаңында кешкілік би кеші өтті

18:00, 18 желтоқсан 2015

Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік мейрамды көңілді кешпен аяқтады. Олар флеш-мобқа қатысып, ән айтып, би билеп, бір-біріне жүрекжарды тілектерін жолдады.

Петропавлдықтар Тәуелсіздік күнін осындай көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті. Мерекелік бағдарламаның республика күші мен егемендігін сипаттайтын «ҚР Мемлекеттік рәміздері» компазициясы орналасқан алаңда өтуі де кездейсоқтық емес. Солтүстікқазақстандықтар «Тәуелсіздік – біздің баға жетпес байлығымыз, оның арқасында Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді»,-дейді. Сәйкесінше, бұл күні тұрғындар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Орталық алаңға жиналғандарда есеп жоқ. Қаланың кішкентай тұрғындары сырғанақ теуіп, үлкендер сахнадағы мерекелік концертті тамашалады. «БРУКЛИН» би мектебінің тәлімгерлері Тәуелсіздік күніне орай арнайы флеш-моб ұйымдастырды.

Қала тұрғыны Ольга Кашкарова орталық алаңға отбасымен бірге келіпті. Өз елін мақтан тұтатын азаматша Қазақстанның одан әрі дамуына тілектес.  

Сахна төрінен шырқалған әндер түрлі тілдерде болғанмен, тақырыбы бір – олар Қазақстанның Тәуелсіздігі, халықтар достастығы мен ел мәдениеті туралы. Бұл күні алаңға жиналғандардың барлығы үйлеріне көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

 

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...