ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Жас мемлекеттік қызметшілер байқауы өтті

18:05, 15 маусым 2016

«Мен – тәуелсіздіктің құрдасымын» атты байқаудың ақтық кезеңі өтті. Сайысқа жас мемлекетттік қызметшілер ғана қатыса алды. Шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесіне орайластырылған.

Мен – тәуелсіздіктің құрдасымын» сайысына қатысуға 22 адам ниет білдіріпті.  Комиссия мүшелері олардың жазған эсселері бойынша 10-нын таңдап алған. Ақтық тур 3 кезеңнен тұрды. Олар: таныстыру, зияткерлік және шығармашылық. Мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі департамент басшысының айтуынша, осы сынды байқаулар мамандардың шығармашалығын дамутыға көмектеседі. Сонымен қатар,  мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылатуға өз септігін тигізеді.

Залдағы көрермендердің назары 10 мемлекеттік қызметшіге ауған. Бірінші кезеңде сайыскерлердің сөз сөйлеуіне 5 минуттан беріліп, 5 ұпаймен бағаланатын болды. Қатысушылардың тиянақты дайындалғанын бірден  байқадық. Өздері туралы өлеңдетіп айтып берді,  кейбіреулері бейнематериал   әзірлеп әкеліпті. Олардың қатарында Ақжар ауданының бас қазынашысы Самал Қоқашева   бар. Оның еңбек өтілі 3 жыл.

Ақтық кезеңге өткен барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды. Ал, жүлделі орындардың иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Атап кетсек, бірінші орын – ноутбук, 2-ші орын планшет және 3 орынға қол жеткізген сайыскерге ұялы телефон берілді.

 

Лаура ТӘЛІПОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
18:10, 4 шілде 2016
Облыстық перинаталдық орталықтың ашылғанына биыл тура 25 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...