ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯ

20:45, 20 қараша 2018

Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одақ елдері ауыл шаруашылығы министрлері Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға қазақ делегациясын Үкімет басшысының орынбасары - еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бастап барды.

Басқосуда тараптар агроөнеркәсіп кешеніндегі интеграциялық процестерді дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді пысықтады. Мәселен, енді Еуразиялық одақ аумағында қандай ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс бар, оны қандай бағаға сатуға болады деген мәселелерді реттейтін ортақ әдістеме әзірленеді. Ал 5 елдің агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру үшін, бірыңғай ақпараттық жүйені жаңадан құрмай-ақ, әр елдің озық үлгісі бір-біріне жақындастырылады. Бұл тұрғыда біздің еліміздің тәжірибесі ескеріледі.  Жиын кезінде Қазақстан тарапы, сонымен қатар, асыл тұқымды малдарға қойылатын талаптарды анықтау үшін ортақ ұстанымда болуға шақырды. Қазақ делегациясы, бұдан бөлек, Еуропа елдерінен келетін гербицидтерге демпингке қарсы баж салығын енгізбес бұрын, бұл қадамның осы салаға кері әсерін бағалауды ұсынды.    

ГҮЛМИРА ИСАЕВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Отырыста қаралған мәселелердің барлығында қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүддесі ескерілді. Тараптар, агроөнеркәсіп кешеніндегі интеграциялық процесстерді тек қана экономикалық прогматизм принцитерінің негізінде ары қарай тереңдететін болып келісті. Яғни интеграцияны дамытуға арналған кез-келген шешім, бірінші кезекте Еуразиялық одақтағы барлық мемлекетке пайдалы болуы тиіс. Жиында біз айтқан ұсыныстар әріптестеріміз тарапынан қолдау тапты.

Мәскеудегі осы отырыстан соң, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева, АҚШ-тан Қазақстанға әкелінетін құс етінің транзитін өз аумағынан өткізуге Ресей тарапы уақытша қойған шектеуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, көрші елдің Россельхознадзор мекемесі өзінің бұл әрекетін негіздейтін құжаттарды Қазақстан тарапына жіберген жоқ. Енді екі елдің құзырлы органдары осы мәселені шешу үшін келесі аптада кеңесетін болып келісті.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...