ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ҚАДАМ БАСАДЫ

21:06, 17 қаңтар 2019

Ауыл шаруашылығы саласына қажетті білікті мамандарды табу енді оңай болады. Ол үшін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың арнайына сайтына кіріп керекті маманды таңдап, келісімшартқа отыру қажет. Бұл туралы бүгін елордалық ғалымдар мен сарапшылардың ұйымдастыруымен өткен ауылшаруашылық тауар өндірушілері және сала мамандарының цифрландыру бағыты бойынша білімдерін жетілдіруге арналған семинарда айтылды. Толығырақ тілші материалында.

Семинарда Елордадан келген ғалымдар мен срапшылар жергілікті ауыл шаруашылық өндірушілеріне фермерлік шаруашлықтың заманауи негіздері, цифрлы технологияларды енгізу ерекшеліктері мен элементтері, сондай – ақ аталмыш саланы басқарудың тәсілдерін түсіндірді. Шараға қатысқандардың арасында «Шотило и К» ЖШС агрономы  Марат Сәбитте бар. Ол мұнда пайдалы мәліметтер алып, осы саладағы білімін жетілдіруге келіпті.

МАРАТ СӘБИТ, «ШАТИЛО И К» ЖШС АГРОНОМЫ:

Техниканы  және алқапты бақылау жүйесі, жалпы сандық технологиялар біз үшін тансық дүние емес. Біздің 38 мың гектар жеріміз бар жыл сайын заманауи технологиялардың арқасында өнімділікті арттырып келеміз. Дегенмен осы саладағы жаңашылдықтартардан хабардар болып, білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Сонда ғана алға жылжыймыз.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті еліміз бойынша агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың ғылыми – әдістемелік орталығы болып табылады. Жыл сайын оқу ордасынан 2500-ге  жуық студент түлеп ұшады. Ал ел бойынша 5000 мың студент түрлі қожалықтарда тәжірибеден өтеді. Айта кететін жайт енді серіктестіктер өздеріне қажет мамандарын университеттің арнайы сайтына кіріп, таңдап келісімшартқа отыра алады. Басты мақсат жаңа технологиялармен жұмыс ітей алатын сапалы кадрларды даярлап, ауыл шарушашылығы саласындағы маман тапшылығын жою.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Қазір біз жаңадан сайт ашып жатырмыз «Профи КазАТУ» деген. Онда енді жұмыс іздейтін практиканттар іздеген шаруа қожалық болсын, кәсіпкер болсын ол сайтқа кіріп қандай мамандар керек өзі таңдайды. Келісімшартқа отырғасын олар енді өздерінің жұмыстарын жалғастыра береді. Қазір көп сұраныс агрономдарға, технологтарға мал дәрігерлеріне сұраныс бар, қазір студенттер бітірмесе де біледі қайда жұмысқа баратындығын, қандай маман болады, қандай айлығы бар, қандай үй барма, балабақша бар ма үйленген жігіттерге соның бәрін біз бастап істеп жатырмыз.

Семинар барысында фитосанитарлық қауіпсіздік және топырақ карталарын жасау жайы да айтылды. Мысалы ауа райының қолайсыздығына байланысты өңіріміздегі егіс алқаптардағы арамшөптермен зиянкес өсімдіктер көбейген. Иә облыс диқандары биыл мол астық астық жинады, дегенмен алқаптарға дер кезінде мониторин жасап арамшөптер мен зиянкестер уақытыл жойылса өнімділік көлемі бұдан да көп болар еді дейді – ҚазАТУ «өсімдіктерді қоғау және каратиндау» кафедрасының оқытушысы Бекмырза Айтуғанов. Өйткені түрлі кеселдер өнімділікті 30-35 пайызға дейін төмендетуі мүмкін.

БЕКМЫРЗА САДЫҚОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ «ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИНДЕУ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

-  Осы ауа райына байланысты арамшөптердің таралуы көп болып кетті. Содан кейін аурулар көп тарады. Аурулардың ішінде септариоз, тат аурулары. Осы ауруларға қарсы қолданылатын препараттарды, шараларды біз деген өзіміз айтып, соларға тапсырып кеттік.

Цифрландыру жүйесіне көшу заман талабы. Сандық технология фермерлерге озық әдістерді үйренуге, өндірістің біріңғай стандарттарын қадағалауға қолайлы жағдай туғызады. Мамандардың айтуынша, аграрлық сала Елміздің мақтанышына айналуы үшін жаңа технологияларды енгізген жөн.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...