ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

АҚЖАР АУДАНЫНДА СІБІР ЖАРАСЫ ТАБЫЛДЫ

17:16, 27 тамыз 2021

Ақжар ауданының тұрғыны ірі қарадан  күйдіргі жұқтырды.  23 тамызда Горький елді мекенінің тұрғыны дәрігерге қолының ісіп ауырып,  күлдіреп кеткендігіне шағымданған. Бұл факті бойынша шұғыл түрде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарландырылып,  мамандар тексеруге фкіріскен. Нәтижесінде ер адамның диагнозы расталды.

Медициналық мекемеге жүгінген ауыл тұрғынының шағымдары сібір жарасының симптомдарымен сәйкес келген. Эпидемиологиялық тексеріс барасында емделуші серіктестіктердің бірінде жұмыс істейтіні анықталды. Ол ірі қараны сою барысында, тиісті ережелерді ұстанбай, қолғапсыз жұмыс істеген. Мамандар ер адамнан ПТР әдісімен қан алды, одан сібір жарасының ДНҚ табылды.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мониторинг шеңберінде СҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары зертханалық зерттеу үшін сою орнының, топырақтың 8 сынамасын, судың 1 сынамасын, ірі қара ұсталған орынның 1 сынамасы алып, бүгінгі таңда әлі зерттеп жатыр. Байланыста болған адамдардың саны 57. Олар 14 күнге медициналық бақылауға алынды.

Сібір жарасы - жануарлар мен адамдардың аса қауіпті жұқпалы ауруы, көбінесе өліммен аяқталады. Жануар жұқпалы ауруды шөптен, топырақтан жұқтырады. Ал адамдар ветеринариялық - санитариялық ережелерді сақтамаған кезде және ауру малды бағудан, оның еті мен сүтінен жұқтырады.  Инкубациялық кезең, ауруды жұқтырғаннан кейін бірнеше сағаттан бір аптаға дейін, көбінесе бұл кезең 2-3 күнге созылады.

ОЛЖАС БОЛЫСБАЕВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жайылым учаскесі Горький ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Бұл учаскеде әулиекөл тұқымының 677 сиыры жайылады. Барлық мал сібір жарасына қарсы жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинацияланған.  Сойылған малдан басқа тағы бір ірі қара мал өлді.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Емдеу протоколы жасалынды. Ер адамның денсаулығы орташа, байланыста болған адамдардың да денсаулығы күнделікті бақыланып отыр. Дәрігерлер күніне екі рет толық тексеріп шығады. Оларда дене қызуы,ісуі, қотыр сынды белгілер жоқ.

Жалпы облыс бойынша малда сібір жарасы соңғы рет 1994 Тимирязев ауданында тіркелген.   

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...