ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АСТЫҚ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙМАҚ

20:48, 20 қараша 2018

Азық түлік келісім шарт корпорациясының СҚО өкілдігі биыл 3 ай ішінде Өзбекістан, Тәжікстан, Ауғаныстан және Иран елдеріне 100 мың тонна бидай экспорттаған. Енді олардың қатарына Әзірбайжан мен Түрікменстан қосылды.  Бұл мемлекеттер бұған дейін астықты Ресей елінен сатып алып отырған екен.

Азық түлік корпорациясының СҚО өкілдігі астықты қарашаның 5-нен қабылдай бастады. Биыл ішкі нарықта дәнді және майлы дақылдардың бағасы былтырғыдан анағұрлым жоғары. Мысалы бидайдың тоннасы биыл 54 мың теңгеге жеткен. Бұл өз кезегінде өңір аграрийлері үшін тиімді, өйткені ауыл шаруашылығында еңбек ететіндердің табысы артып, өнімділік көлемі ұлғаяды.

РАМАЗАН ӘСІП, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰК» АҚ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтырға қарағанда 13 мың теңгеге қымбаттап отыр баға. Оның алдында осы бізге дейін баға 50 – ге дейін көтерілді. Сосын біз бағасы түспесін деп поддержкаға 54 мың теңгеден қойып отырмыз. Өйткені егін егетін диқаншылар олар кредит алады, техника алып жатыр. Соған поддеркаға сондай бағамен сатып алып жатырмыз.

Биыл корпорация 3 ай ішінде Өзбекістан, Тәжікстан, Ауғаныстан және Иран елдеріне  100 мың тонна астық экспорттаған. Енді Әзірбайжан мен Түрікменстан елдерінен де бидайға сұраныс түсіп отыр. Сондықтан келер жылы экспорт көлемі айтарлықтай ұлғаяды деп кұтілуде. Ол үшін барлық жағдай қарастырылған. Дәнді тасымалдайтын вагондар жетіспеушілігі болмайды. Өйткені жуырда ғана осы мәселеге қатысты «ҚТЖ» АҚ мен Облыстық әкімдік арасында меморандум қабылданды.

РАМАЗАН ӘСІП, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰК» АҚ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтырға қарағанда екі есе көп перевозка шығады. Соған қарағанда вагонмен жақсы обеспечение болып жатыр бізде. Облысқа қанша вагон керек соларды беріп если компанияларға пожалуйста деді. 100 вагон закрепление жасаймыз и сол 100 вагонды барып келіп тұрған өздері жанағы компания тереториалмен бірге қол қойып меморандум жасап солай жұмыс істеп отырады.

Азық түлік келісімшарт корпорациясының СҚО өкілдігі биыл өңірдегі серіктестіктерден 60 мың тонна бидай қабылдамақшы. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш екі есеге ртуы мүмкін.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...