ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ – ТАБЫС КӨЗІ

17:51, 12 ақпан 2019

Солтүстік Қазақстанның жері бай, әрі құнарлы. Ал өз ісін бастап, дамытамын дегендерге мемлекет барлық жағдай жасап отыр. Мамлют ауданының тұрғыны Мұхтар Омаров осыдан шамамен екі жыл бұрын осындай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі. Өз қаражатын салып, жетпегенін несиеге алып, қара мал сатып алады. Бүгінде малдары төлдеп, сиырлары сауыла бастаған. Кәсіпкердің ендігі жоспары жайылымдық жерді өсімдік шаруашылығына қолдану. Толығырақ келесі сюжетімізде. 

Кәсіпкер жеке қаржысын және қаржылық қолдау қоры арқылы алған 6 млн теңге несиесін мал шаруашылығын дамытуға жұмсап, 2017 жылы Пригород селолық округінде симментал тұқымды 30 бас ірі қара малмен ферма ашады. Уақыт өте келе, мал басын 60-қа дейін жеткізіп, бұзау қорасын салады. Биыл сегіз сиыры төлдеп үлгерді.

МҰХТАР ОМАРОВ, КӘСІПКЕР:

-  Бүгінгі таңда фермамызда 60 сауын сиыр, 35 аналық ірі қара мал бар. Өткен жылдары 2 асыл тұқымды бұқа сатып алдық. Әрбір қара малға 10 мың теңге, бұзауға 8 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленіп отырады. Жайылым аумағы 308 га.

Лариса Авдеенко  фермада 1,5 жыл тынымсыз еңбек етіп келеді.Жұмыс жағдайына риза. Сауыншы сауу аппаратын қолданады. Бұл – уақытты үнемдеп, жұмыс барысын қолайлы етеді, дейді.. Әзірге сүтті жаңа туған бұзауларға беріп жатыр.   

 ЛАРИСА АВДЕЕНКО, САУЫНШЫ:

- Бізге еңбек етуге жақсы жағдай жасалынған. Уақтылы тамақтандырады, еңбекақы төленіп тұрады. Тіпті тұрғын үйге дейін беріп отыр, балаларым жанымда. Осы жағдайыма ризамын. Мәселен мынау аппарат екі ірі қара малға арналған. Түк қиындығы жоқ. Сиырларды күту қажет, мейіріммен қарау керек. Сонда ғана көп сүт береді.

Пригород  ауылдық округінде мыңнан аса тұрғыны бар. Қазір мұнда үш ЖШС, он шаруа қожалығы, төрт жеке кәсіпкер еңбек етіп жатыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында, соңғы жылдары тұрғындардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығы артып келеді.

НҰРҚАН БАКЕЕВ, ПРИГОРОД СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жер. Негізінен біздің адамдарымыз сүтпне, етпен айналысады.Кредит алғандардың саны алты адам 18 жылы. Жалып соммасы 12 млн теңге. Негізінен барлығы ауыл шаруашылығын дамыту.

Биыл да ауылдық округ тұрғындары Мамлют ауданында өз ісін дөңгелету мақсатында қаржылай көмек алуды ниет етіп отыр.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...