ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРМЕН БӨЛІСТІ

18:30, 5 наурыз 2019

Петропавлда СҚ Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының шаруалары бас қосқан семинар өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығындағы  соңғы  ғылыми жетістіктер айтылды. Мысалы, неміс мамандары бүгінгі таңда аптап ыстыққа төзімді рапстың жаңа сұрпын шығарыпты. Және олар арам-шөптерді химиялық жолмен жоятын ұнтақтарды да әзірлейді.

Нарықта ауыл шаурашылығына қажетті сан алуан химиялық препарат бар. Бірақ диқандар тарапынан олардың санаулысына ғана таңдау түсіп жатады. Тәжірибе көрсеткендей, жер емген шаруалар мол өнім алу үшін қымбаттырағын алғанды жөн санайды. 

ЖОМАРТ ОМАРОВ, АГРОҚҰРЫЛЫМ БАСШЫСЫ

Ғылым бір орында тұрмайды. Даму үстінде. Ауыл шаруашлығы бағытында Германия ғалымдарының жемісті еңбектерін ерекше атап өтуге болады.  Бүгінде – «БАСФ орталық Азия» компаниясы әзірлеген химиялық препараттарға  сұраныс жоғары. Өңір аграрийлерінің айтуынша, немістердің өнімдері арам-шөптер мен түрлі зиянкестерге күшті әсер етеді.

НҰРЛАН ЖАЛБАҚОВ, «БАСФ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ЖШС АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛІ:

- Ауыл шаруашылығы құрылымдарының дені дәнді дақылдармен шектеліп қалған. Сондықтан біз рапс және сояның гибридтелген түрлерін ұсынып жатырмыз.  Аталмыш өнімдер әлем елдерінде жоғары сұранысқа ие.  Тиісінше, бағасы да жоғары.  «БАСФ ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ»  компаниясының рапстары мен соялары түрлі климаттық жағдайға төзімді келеді. Жерсінку көрсеткіші жақсы, шығымдылығы 30 центнерге дейін жетеді.  Біз соя бойынша Алтай, Түмен, Омбы облыстарының тәжірибелеріне сүйендік. Аталған аймақтарда 95 күнде жетіліп шығатын түрін өсіреді екен. Бүгін сол сұрыптарды ойлап тапқан авторларды Петропавлға шақырдық.

Семинарға Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының аграрийлері де қатысты. Шаруалар  «БАСФ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» трансұлттық компаниясының зауыты біздің де елде тұрғызылса деген өтініштерін білдірді.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...