ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

АУЫЛҒА ТАЗА СУ КЕЛДІ

14:44, 30 қаңтар 2019

Тимирязев ауданының 11 ауылына таза су жетті. Мұнда су тарату желілерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді ауданның 10 мыңға жуық тұрғыны кез-келген уақытта таза әрі сапалы суды пайдалана алады. Арнамыздың түсірілім тобы ауданның бірнеше елді-мекенін аралап шығып, бұған көз жеткізіп қайтты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Роза Тоқпаева Дмитриевка ауылының тумасы.Оған үйге су тасу үлкен мәселе болатын. Енді ол өз шешімін тауып отыр. Дмитриевка елді-мекенінің 547 тұрғыны үшін таза су қолжетімді болды. 

РОЗА ТОҚПАЕВА,  ДМИТРИЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен мұнда бала кезімнен тұрамын. Су мәселесі бізде көптен бері өз шешімін таппай жүрген еді. Әр есептік кездесуде осы сұрақты көтеретінбіз. Қуанышымызға орай су енді қолжетімді. Құдықтың барына қуанып жатырмыз. Кез-келген уақытта су алып, пайдамызға жаратамыз.

САЙЛАУ ЖОЛДАЯҚОВ, ДМИТРИЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біздің Дмитриевка сельский округіне су келгеніне біз қуаныштымыз.Соңында талай жылдар жүрдік.  Ең алдымен Президентімізге алғыс білдіреміз, облыс әкімі Қ.Ақсақалов жол салысып бізге. Осындай елдің ішіне колонкаларды тартып, бұрыңғы жағдайда келтіріп, бізге елге жасаған жақсылықтарына рахмет.

11 ауылға су тарту жұмыстарына облыстық бюджеттен 50 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл жаңадан желі тартқаннан 10 есе арзан. 1 шақырымын жөндеуге жұмсалған шығын 1,2 млн. теңгені құрады, мамандардың айтуынша бұл жақсы көрсеткіш.

АЗАМАТ ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы қаражатқа 38 шақырым су тарату желілерін жөндедік. 11 ауылды қамтыдық. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 9,9 мың адамды сумен жабдықтау жақсартылды.

Ал бұл халық саны 285 адамды құрайтын Дзержинское ауылы. Мұнда да халық таза суға қолжеткізгендеріне қуанышты.

ГҮЛСІМ ҚАҢТАРОВА, ДЗЕРЖИНСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Былтыр облыс әкімі сөз берген су береміз деп. Сол сөзінде тұрып су берген жағдайы бар. Ауыл тұрғындарының атынан рахмет айтамын. Қуанып жатырмыз. Жағдаймымыз жақсы.

2018 жылы Тимирязев ауданында су тарату желілерін қайта жаңарту, резервуарларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 114 су тарату колонкасы  және қосымша 7 құдық орнатылды.

АЙБЕК ҚОРЖЫМБАЕВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ, ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- 2019 жылы бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Қосымша 45 шақырым су тарату желілеріне жөндеу жүргізуді, 167 құдық орнатуды көздеп отырмыз.

Тимирязев ауданының 11 ауылында таза су бар. Дмитриевка, Докучаево, Дружба, жарқын, Белоградовка, Дзержинский ауылдарында  су тарату желісі мүлдем болмағандықтан,  олар қайта салынды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...