ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ

17:52, 30 мамыр 2019

Облыс диқандары былтыр  әлемнің 37 еліне жарты миллион тоннадан астам майлы дақыл экспорттады. Өңірде ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары биыл да жалғасып келеді. Осының арқасында 1 миллион гектар жерге  майла дақылдар  егілді. Бұған қоса бұршақ тұқымдастардың да алқабы  өсті.   

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Биыл теріскейде 4 миллион гектар алқапқа егін егіледі. Соның 1 миллионы майдлы дақылдарға бөлінді. Нарықтың парқын ұққан диқандар, мұндай қадамға баруымыздың себебі майлы дақылдарға деген сұраныстың  артуында дейді.

Ермек Мауытовтың агроном болып еңбек етіп жүргеніне 20 жылдың жүзі болды. Білікті маман ретінде бірнеше шаруашылықта кеңесші ретінде қызмет атқарады. Диқандар соңғы уақытта майлы дақылдарды өсіруге бет бұрды, мұнысы дұрыс шешім деп бағалайды.  

ЕРМЕК МАУЫТОВ, АГРОНОМ:

- Жалпы севообороттың пайдасы 2-2,5 есеге өседі. Мысалы, рапс дейміз, лен дейміз олар 2,5 есеге қымбат бидайдан. Ал преработка жасаса одан да қымбай болады.

Биыл теріскейде тағы бір жоба қолға алынды. Облыстық әкімдік пен ауылшаруашылығы министрлігі бірігіп «Солтүстіктің соясы» бағдарламасын жүзеге асырмақ. Осының арқасында   нарықта бәсі артып, сұранысы артқан бұршақтың алқабы кеңейді.

НАРҒЫЗ АҚЖІГІТОВА,  ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстанда соя алқабы 15 мың гектар болады. Соя негізі ақуызға өте бай дақыл, экспортқа болсын, импортқа болсын сұранысы жоғары. қазір негізінен бізден оны |Қытай сатып алып жатыр.

Дақылдардың майлысын өсір, пайдасы оның көл көсір. Бұл қазіргі диқандардың ұстанымы. Ауыл шаруашылығы  тәеуелі мол кәсіп, оның пайдасын  жыл сайын емес, 4-5 жыл сайын ғана есептеу керек. Жерді тыңайту үшін ғана емес, тынықтыру, шығымын арттыру үшін  бидай мен зығырды, рапсты   кезек  егу керек, сонда шығымы артып, шығыны азаяды дейді аграрийрлер.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...