ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

БИДАЙЫМЫЗ СҰРАНЫСҚА ИЕ

17:59, 21 қараша 2018

Биыл қамбаға құйылған алтын дәннің мол болуына байланысты,  экоспорт көлемі де ұлғаймақ.  Осы жылдың  өзінде шетелдерге 2,9 млн тонна астық жөнелтілген. Тағы 713 мың тонна дән вагондарға тиеліп жатыр.

Бүгінгі таңда элеваторларға 1,5 млн тонна дән құйылды. Оларды өңдеумен 45 кәсіпорын айналысады. Астықтың сапасы былтырға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан да осыған дейін Ресейдің бидайын алып келген Әзірбайжан, Түрікменістан сынды елдерден жаңа астыққа сұраныс түсіп жатыр. Дәнді тасымалдайтын вагондар жетіспеушілігі болмайды. Өйткені жуырда ғана осы мәселеге қатысты «ҚТЖ» АҚ мен Облыстық әкімдік арасында меморандум қабылданды. Ал келер жылғы егіс науқанына тоқталар болсақ, бидайдың Айна, Асыл сапа, Омбылық жаухар, рапстың Майқұдық сынды жаңа сұрыптары себілетін болады. Мақсат өніміділік көлемін ұлғайту. Сонымен қатар 2019 жылы 1420 бірлік техника сатып алынады. Ол үшін «ҚазАгроқаржы» АҚ-нан 75 млрд теңге қаражат бөлінеді.

ҚУАНДЫҚ ШӘКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

Былтыр 1270 бірлік техника сатып алғанбыз. Ал келер жылы бұл көрсеткішті 1420 жеткізбекпіз. Атап айтсақ 216 комбайн, 249 трактор, 955 – техниканың басқа түрлері. Мақсат ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтып, шаруашылықтарды кеңейту. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...