ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

14:11, 28 қараша 2018

«Жомарт жүрек» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды. Аталмыш конкурсқа туған ауылының гүлденуіне қомақты үлес қосқан меценаттар қатысқан болатын. Елді мекен халқына жақсылық жасауда алдына жан салмағандары облыстық іріктеуден өтіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Адал еңбегімен ел назарына іліккен жомарт жандар жайлы тілшіміз Берік Қасен айтсын.

Бүгінде кәсіпкерлер өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып,  мәдени, спорттық шараларға демеушілік етеді. «Атамекен» бағдарламасы аясында туған ауылының гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, жергілікті жолдарды жөндеу, халықты таза ауыз сумен қамту, көшені жарықтандыру жұмыстарына жеке қаражаттарын бөлуде. Сондай бизнесмендердің бірі – «Ноғайбай» серіктестігінің басшысы Алтынбек Сапаров. Іскер азамат Ноғайбай ауылын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Жас мамандарға, оңтүстік аймақтарынан келген ағайындарға  арнап жаңа баспаналар тұрғызуда. Болашақта заманауи мектептің құрылысын жоспарлауда.Алтынбек Сапаров комиссияның шешімімен  «Жыл меценаты» атанды.

Облысымызда тұрғындарға қолдау көрсетіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің басы-қасында жүрген меценаттар аз емес.

ЕКПІН ӘБИЕВ, «ЕКПІН-2002» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетілуде. Шағын және орта бизнес субъектілеріне мараторий жарияланды. Бизнесмендерге демеуқаржылар беріледі.Менің ойымша, оның өтеуі болуы тиіс.

Бүгінде әлеуметтік мәселелерді шешуге 60 меценат тартылған. Кәсіпкерлер негізінен білім, мәдениет, экология, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, спорт  бағыттары бойынша жеке жобаларын  іске асырып жатыр.

АЗАМАТ ҚОНАЕВ,  СҚО КӘСIПКЕРЛIК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Меценаттар мектептерді жөндеуде. Балаларға шағын орталықтар тұрғызып, ойын аладарын салуда. Мүгедек және әлеуметтік аз қамтылған отбасылады назардан тыс қалдырмай, оларға қаржылай көмек көрсетіп тұрады.

Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, биыл өңір кәсіпкерлері «Атамекен» бағдарламасы аясында  құны 2 миллиард теңгенің 77 жобасын жүзеге асырыпты.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...