ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЧЕХИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚАРА МАЛ ӘКЕЛІНДІ

17:50, 16 қаңтар 2019

Тайынша ауданы Донецкое ауылының кәсіпкері Чехиядан 61 асыл тұқымды симентал малын әкелді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚО филиалы арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 60 млн теңге несие алған «Донецкое – Нұрлы жол» ЖШС мал шаруашылығын дамытпақ. Қорасында 500 малы бар кәсіпкер жайлы келесі бейнематериалымызда.

САМАТ САПАРАЛЫ, ТІЛШІ:

- Бұл ірі қаралар бүгін таңғы сағат 3 шамасында  Тайынша ауданы Донецкое ауылына жеткізілді. Өзіміздің ақбас сиырларына ұқсас келетін жануарлар етті, әрі сүтті бағытта келеді. Мамандардың сөзінше олардың әрқайсысы тәулігіне 25 литрге дейін сүт берсе, еті 600-ден 700 келіге дейін тартады.

«Донецкое – Нұрлы жол» серіктестігі 2017 жылы екі шаруашылықтың бірігуінен пайда болды. Бірі егін егумен, екіншісі мал шаруашылығымен айналысқан қожалықтар енді бір басшының қол астында. Мал шаруашылығын асыл тұқымды жануарлармен толықтырғысы келген кәсіпкер Чехиядан «симентал» тұқымды 61 ірі қараға тапсырыс беріпті. Жеті күнде төрт шекараны асып, 4500 шақырым жүрген асыл тұқымды сиырлар бүгін соңғы аялдамасына жетті.

СӘКЕН НҰРҒАЛИЕВ, «ДОНЕЦКОЕ-НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Базалар бәрін жөндеп жатырмыз. Бір проблема – жер мәселесі. Осыны шешуге көмектессе, серіктестікте жеріміз жоқ, фермерлік қожалықта жеріміз бар, бірақ осы маңайда жер керек бізге жем отырғызуға, сенаж, фураж, малды ұстау үшін жер керек осы Донецк ауылының маңынан.

Жалпы 2019 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚО филиалына 150 бас мал сатып алу үшін 2 өтініш келіп түссе, оның бірін кәсіпкер Сәкен Нұрғалиев қалдырған. 60 млн. теңгені 15 жылға, 6 пайыздық мөлшерлемемен алған серіктестік басшысының жерге қатысты мәселесін Тайынша ауданының әкімі Иван Турковқа жеткіздік.

ИВАН ТУРКОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Енді кәсіпорында жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады. Халық жұмыссыздығы азаяды. Жалпы аудан бойынша 5 мыңға жуық ірі қара болса, оның 80 пайыздан астамы сүтті бағыттағы сиырлар. Бизнес өкілдері «Сыбаға» бағдарламасын тұрақты қолданады. Бұл бағдарлама бойынша биыл 5 адам 200 мал алуды көздеп отыр. «Донецкое – Нұрлы жол» серіктестігінің жер туралы мәселесі шешілмей қалмайды, жолын табамыз, көмектесеміз.

Чехиядан келген симентал тұқымды малдарға қарау үшін екі жұмысшы жұмылдырылды. Оларға бұдан әрі жақсы күтім керек. Сондықтан да қазір бір айлық карантин жарияланып, бөтен адамның кіруіне тыйым салынды. Серіктестік зоотехнигі көктемде сименталдың алғашқы төлдерін аламыз, - дейді.

ЛЕОНИД ЛЕВИЦКИЙ, «ДОНЕЦКОЕ-НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖШС ЗООТЕХНИГІ:

- Чехияға барып 6 шаруашылықтың малын қарадық. Өзімізге ұнаған 61 басты таңдап алдық. Түнде келген сиырлар қазір өздерін жақсы сезінуде, шөбін, суын бердік. Енді оларды бұдан әрі қолдан ұрықтандырамыз. Чехиядағы компаниямен келісімге отырдық. Бізге жыл сайын жіберіп отырады.

Айта кету керек, «Донецкое – Нұрлы жол» серіктестігінің бұдан өзге де сүтті бағыттағы 450 малы бар. Жем-судың бәрі де автоматты түрде беріледі. Жаздыгүні тәулігіне 3 тоннаға дейін сүт алады.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...