ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

15:01, 16 сәуір 2019

Тайынша ауданындағы ең үздік «Алабота» асыл тұқымды мал зауытында 3500  ірі қара бар. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының иелігінде 41 мың гектар жер болса, оның 20 мыңнан астамы жайылымдық алқап. Өсімдік шаруашылығымен де айналысатын серіктестікбылтыр әр гектардан 19 центнерден өнім алыпты. Ал биылғы егіс науқанына дайындық қалай жүріп жатыр? Тақырыпты әріптесім сабақтасын.

Серіктестік биыл 16 мың гектар жерге жемазықтық, дәнді және майлы дақылдарды егуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жұмысшылар егіс науқанына техникаларын дайындап жатыр.

ЕРҰЛАН ҚАЖЫБАЕВ, БАС АГРОНОМ:

- Бізде көктемге үш БМШ агрегаты бар. ГИК агрегаты ылғал жабуға арналған. Бірінші көктемгі егіс науқаны тікелей ылғал жабу жұмысы бойынша жүргізіліп жатыр. Ылғалдың жабылуын тезірек аяқтасақ, соғұрлым алдағы уақытта жақсы өнім алып шығамыз.

Шаруашылық цифрлық технологияларды қолданысқа енгізген. Техникаларды GPS бойынша қадағалайды. Сонымен қатар, сенсор арқылы қанша шығын кеткенін көруге болады.

Мына қоймада да қазір жұмыс қызған.Жұмысшылар тұқымдарды тазалап, сұрыптап , егуге әзірлеп жатыр. Қызметкерлер арнайы киіммен, қосалқы бөлшектермен жабдықталып, уақытылы жалақы алады.

НАДЕЖДА СОПИЛЬНИК, ҚОЙМА МЕҢГЕРУШІСІ:

- Егіс алдындағы жұмыстар жүргізілуде. Тұқымды тазартамыз. Қазір бізде 2 моторист бар. Және 6 жұмысшы істейді. Алаңдарды тазалап, егуге дайындық үстіндеміз.

ЖШС жермен де мал шаруашылығымен де айналыса алады. Бұл - шарушалықтың мол тәжірибелері бар екенін атап көрсетеді. Дейтұрғанымен, әлі де еңбектену керек. Жергілікті аграрийлер бұл салаға әрқашан жаңа технологияларды енгізуге ұмтылады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...