ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ

14:49, 28 қаңтар 2019

2018 жылы облыстың құс фабрикалары 809 млн жұмыртқа шығарды. Облыс әкімі Құмар ақсақаловтың айтуынша, жергілікті тауарөндірушілердің өнімі бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие. 2017 жылмен салыстырғанда былтыр  жұмыртқа экспорты бақандай 74 пайызға артты. Қызылжар ауданының Бескөл құс фабрикасы  ғана  нарыққа 130 млн жұмыртқа шығарды.  Жарты ғасырдан астам еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын соңғы 5 жылда күрделі жаңарудан өтіп,  шетелдерден жаңа құрылғыларды жеткізіп, өндіріс көлемін арттырып келеді. 

Бескөл құс фабрикасының тарихы 1965  жылдан басталады. Кеңес заманы кезінде кәсіпорын  күніне 250-300 қорап жұмыртқа шығарса, бүгінде  800 қорап конвеерден түседі. Фабрика басшылығы өндіріс ошағын  90 жылдары, кейін Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының ауыртпалығына қарамастан аман сақтап қана қоймай, бірте бірте дамытып отырды. Әсіресе соңғы 5 жылда кәсіпорын ауқымды жаңаруды өткерді. 

ЕРІК БІЛӘЛОВ, БЕСКӨЛ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазір жағдайымыз жақсы, мемлекет жақсы көмек беріп отыр. Субсидия, жеңілдетілген несие алып отырамыз. Даму арқылы кредит алдық. 5 пайыз. Бұл ақшаға жұмыртқаны сұрыптайтын үлкен құрылғы сатып алдық.

Құс фабрикасының 678 мың тауығы бар. Бір мекиен жақсы күтімнің нәтижесінде жылына 300 данаға дейін жұмыртқалайды екен. Кәсіпорын жұмысында жаңа технологияларды қолдана отырып, тауықтарды 6-7-8 қанатты корпустарда ұстайды. Толығымен автоматтандырылған жүйе арқасында небары екі-ақ адам  мыңдаған тауыққа күтім жасай алады.

МЫРЗАТАЙ ТҰЯҚОВ, ФАБРИКА ОПЕРАТОРЫ:

- Фабрикада 13 жыл істеп келемін. Арнайы құрылғы арқылы жем, суын беріп отырамыз. тауықтар ұсталатын корпустарға жылу берілмейді. Құс өз денесінен жылу бөледі. Ең бастысы ауаның айналымын сақтап тұру қажет. 

Көп салалы кәсіпорын оған қоса, асыл тұқымды үйрек және қаздарды өсірІп шығарумен де айналысады. Бірнеше жыл бұрын «Бишкульская цветная» деп аталатын селекциялық тұқымды шығарды. Бүгін өнімдерін сатып алу үшін  Қазақстанның  Павлодар, Ақмола, Қостанай қалаларынан және Ресейдің Омбы, Қорған облыстарынан шаруа басшылары келеді. 

ТАТЬЯНА ЩЕГОЛЕВА, ҮЙРЕК ЦЕХІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 35 мың асыл тұқымды үйрегіміз бар. Мускусты, Бескөлдік түрлі түсті үйректер деп аталады. Бұл құстардың бір ерекшелігі, жұмыртқалағыш  қабілеттері жоғары,  балапандары мықты. Яғни шығыны аз.   

Бүгін құс фабрикасы Бескөл, Бәйтерек пен Подгорное елді-мекендерінің 178 адамын жұмыспен қамтып отыр. Қызылжарлықтар мұнда құспен ғана емес, жылыжайда қияр мен қызанақ өсірумен айналысады. Оған қоса, кәсіпорын егіс алқаптары арқылы  өздерін жемазықпен толық қамтып отырады.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...