ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЕТ ЭКСПОРТЫН ЕСЕЛЕУ ҚАЖЕТ

20:40, 13 ақпан 2019

Өңірде ет экспортының көлемі өте төмен. Мысалы Тимерязев, Айыртау, Тайынша, Мамлют, Шал Ақын аудандары қоса алғанда былтыр шет елге бар жоғы 21 тоннаға жуық ет шығарған. Сондай ақ кейбір аудандардың астық жинау бойынша да өнімділік көрсеткіштері көңіл  көншітпейді. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте аудан әкімдері, облыстық және аудандық ауыл шаруашлығы басқармаларының басшылары мен өңір жетекшісінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысқан алқалы жиында айтылды. Отырыста 2018 жыл қорытындыланып, осы саладағы бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша сыртқа шығарылған азық-түлік тауарларының айналымы 63 млн АҚШ долларын құраған. Бұл - 2017 жылмен салыстырғанда 6 млн-ға көп. Мысалы былтыр ұн экспорты 92 пайызға, күбағыс майы 75 пайызға, сүт өнімдерінің экспорты 56 пайызға артқан. Дегенмен эт экспортының көрсеткіші көңіл көншітпейді.

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Айыртау ауданы экспортқа  бар болғаны 1 тонна, Шал ақын және Тайынша 3 тоннадан, Жамбыл мен Мамлютка 7 тоннадан ет шығарды. Иә, жыл қорытындысы бойынша бұл аудандардың экспорттық әлеуеті өте төмен екенін көріп отырмыз. Былтыр етті қайта өңдеу кәсіпорындарын  шикізатпен қамтамасыз ету үшін қуатты бордақылау алаңдары құрылды. Әзірге нәтижесі айтарлықтай емес. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс диқандары 5 млн тоннадан астам дәнді қамбаға құйып өңір абыройын асқақтатқан болатын. Дегенмен бұл жалпы аймақтық көрсеткіш. Мысалы Тайынша, Айыртау, Айыртау, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов аудандарының астық шығымы өзгелеріне қарағанда әлдеқайда төмен.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өнімділік өте төмен. Құрметті әкімдер, құрметті әріптестер естеріңде болса Ғ.Мүсірепов ауданы жыл сайын 1 млн тоннаға дейін астық жинайтын. Тіпті 2011 жылы 1,5 млн тонна дән қамбаға құйған болатын. Қазір не болды. Қандай проблема бар? Не кедергі? Ғ.Мүсіреповтен кейін көлемі жағынан облыстағы екінші аудан Тайынша тұр. Одан кейін Айыртау. Аталған аудандар нашар көрсеткіштерімен соңғы орында келеді.

Бұған себеп жердің дүрыс пайданылмауы, оған қоса минералды тыңайтқыштардың тиісті көлемді қолданылмауы. Бұл олқлықты жою туралы аудан әкімдері мен аудандық ауыл шаруашылық басқармаларының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жерді тиісті деңгейде дайындаңыздар. Минералды тыңайтқыштарды тиісті көлемде қолданыңыздар. Сосын сапалы тұқым себіңіздер. Өніміділік көрсеткіші осы аталған факторларға тікелей байланысты. Жауын-шашын жеткілікті. Топырақ құнарлы, одан артық не керек? Жиналған майлы дақылдардың көлемі бойынша да осы аудандар артта келеді.Бастықтар жұмыс істемейді. 18,7 центнер бұл жоғары көрсеткіш емес. Қараңдаршы көршілес Ресей гетарынан 25 центнерден өнім алып отыр. Тіпті құмда орналасқан Израил 65 центнерден асырған. Елбасының тапсырмасына сай жұмыс істейік.

Ауыл шаруашылық саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер де аз емес. Мысалы бүгінгі таңда өңірде заманауи құрылғылармен жабдықталған 17 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнестің көкжиегі кеңейіп келеді. Шаруа қожалықтары сандық технологияларды тиімді қолдануға көшкен.Жыл сайын өнім көлемі де артуда. Дей тұрған мен атқарар шаруа жетерлік. Осы орайда барлығымыз аянбай еңбек етуіміз керек деді жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...