ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ИТ ЖЫЛЫ ШАРУАЛАР ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛДЫ

20:50, 28 желтоқсан 2018

Кәсіптің кілтін таба білгендердің ісі өрге домалайды. Өтіп бара жатқан ит жылы өңір шаруалары үшін айтарлықтай табысты болды. Жерге сіңірген дақылдары мол өнім беріп, диқандар пайдаға кенелді. Кейбіреулері мемлекеттен қосымша қаражат алып, мал шаруашылығына бет бұруда.

Үстіміздегі жылы астықтың шығымдылығы әдеттегіден жоғары болды. Мысалы, Мамлют ауданына қарасты «Сюникаева» ШҚ-ның бір өзін алып қарасақ, мұндағылар гектарынан 35 центнер бидай, сонша мөлшерде арпа және 15 центнер зығыр жинап алыпты. Оған қоса дәнді және майлы дақылдардың нарықтағы бағасы айтарлықтай  жоғарылады.  Нәтижесінде  жер емген диқандардың табысы артып, көбісі шаруаларын кеңейтуді шешкен. Кейбіреу жетпеген қаражыны мемлекеттен алып, техника санын көбейтуде. Солардың бірі Нина Сюникаева.

НИНА СЮНИКАЕВА, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ауыл шаруашлығын қаржылай қолдау қорынан жылдық 6 пайыз мөлшерлемесімен 10 млн теңгеге несие рәсімдедім. Ауылдық жерлерде малмен айналысып жатқан фермерлер үшін бұл үлкен жеңілдік. Сол ақшаға трактор, кун, шөп шабатын машина, дискатор алдым. Мал және өсімдік шаруашылықтарымен айналысқандықтан техниканың түр-түрі қажет.  Мен 105 гектар егістік, сонша аумақтағы шабындық жерді мемлекеттен жалға алып отырмын.Жыл сайын зығыр, бидай, арпа және жем-азық дақылдарын себемін.

Нина Сюникаева осымен үшінші рет мемлекет қолдауына жүгініп отыр.  Өткен жылдары мүйізді ірі қара мал мен трактор сатып алу үшін жиынтық құны 6,5 млн теңге алып, оны мерзімінен бұрын өтеп тастаған. Қазіргі таңда иелігінде 22  зеңгі баба төлі бар. Етті бағытта семинтал тұқымын семіртіп, делдалдарға өткізеді.  Кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімін өткізуде қиындықтар жоқ дейді. 

- Малды 2 адам жайлайды.  Мұндағы еңбеккерлер жыл 12 ай жұмыспен қамтылған.

ВАРИС СЮНИКАЕВА, «СЮНИКАЕВА» ШҚ ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Осы шаруашылықта 3-ші жыл жұмыс істеп жатырмын. Ай сайын қолыма 70 мың теңге алып тұрамын. Еңбекақыға көңілім толады. Сондай-ақ, ай сайын зейнетақы, салық аударымдары жасалып тұрады. Тоқ етерін айтқанда, жұмыс істеймін деген адамға ауылды жерлерден де кәсіп табылады. Тек ниет керек. Мен көктемде техникаға отырып жерге дақыл сіңіремін, күзде оны жинап алуға ат салысамын. 

Бүгінде ауыдық жерлерде жеке кәсіп ашамын дегендерге мемлекет тарапынан көп жеңілдіктер қарастырылған. Старт-ап жобаларға, отбасылық бизнеске де қолдау мығым.

АБЫЛАЙ НҰРКЕНОВ, «АУЫЛ ШАУРАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ :

- Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бірнеше бағдарлама бойынша түрлі жобаны қаржыландырады. Соның ішінде « Игілік» жобасы жоғары сұранысқа ие. Аталмыш бағдарлама мал шаруашылығымен айналысатындарды ынталандыруды көздейді. Үстіміздегі жылы «Игілік» бойынша жиынтық құны 900 млн теңгенің 370 жобасы қаржыландырылды.

Жалпы биыл ауыл шаруашылығын қаржылайқолдау қорының жергілікті филиалына барлығы 1,8 млрд теңге бөлініпті. Сол қаражатқа қор мамандары  561 бизнес жобаны қаржыландырыпты. Тең жартысынан астамы старт-ап жобалар, яғни кәсібін енді бастағандар.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...