ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН ЖОЛ САЛЫНАДЫ

17:50, 8 қаңтар 2019

Түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру науқаны жалғасуда. Қарақоға ауылдық округінің әкімі Чистое ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің  өткен 12 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылға арналған жоспарлары жайында баяндады. 

Қарақоға ауылдық округіне қарасты Ноғайбай, Чистое, Образец және Қарақоға ауылдарында  бүгінгі таңда 2376 адам тұрып жатыр. Былтыр елді мекеннің әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Ауылдық округ әкімінің аппаратына өткен жылы 843 өтініш түскен. Оның 614 жеке тұлғалар жазған. Өзін өзіне қызмет көрсету аймағы да сәтті іске қосылып, ол арқылы 54 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

АННА ЖОРОВА, ҚАРАҚОҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- 362 адам өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. 31 ауыл тұрғыны жұмыссыз. Кәсіпкерлердің орташа жалақысы 80-110 мың теңге аралығында. Жалпы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер 24 мың га, ал егістік алқабы 17 мың гектарды құрап отыр.

Бүгінгі таңда елді мекенде 37 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Тек соңғы екі жылда 15 мал шаруашылығымен айналысатын қожалық  іске қосылған. Қарақоға, Образец, Чистое, Ноғайбай ауылдарында жалпы 20 мыңға жуық төрт түлік пен құс өсірілуде. Сонымен қатар, ауылдарда дәмхана, сұлулық салондары, қайта өндеу цехы және күнбағыс майын жасайтын кәсіпорындар бар. Кездесу барысында ауыл азаматтарынан жазбаша түрде өтініш арыз түскен жоқ.

АННА ЖОРОВА, ҚАРАҚОҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ӘКІМІ:

Жәшік бос болғанымен, басты мәселені білемін. Ол ауылға кіреберіс жол. Биыл селолық округтің бюджеті жылдағыдан қарағанда біршама артық болмақ. 2019 жылы Чистое және Образец ауылдарының жолдарын жөндеу үшін 24 млн теңге бөлінбек.  Осының арқасында тас жол төселеді.

Сонымен қатар, ауылда үй арасындағы қар тазаланып отырады. Ауыл тұрғындары жасалып жатқан жұмыстарға риза. 

- Биыл жол жөнделеді деп жатыр. Жыл сайын тек осыны армандайтынбыз.  Халық азайып жатса да, ауылымыз көркейе берсе екен деймін. Бастысы, мектеп жұмыс істеп тұрсын.  

- Бүгін селолық округ әкімінің есебін тыңдадық. Анна Андреевнаға алғысымыз шексіз. Қандай   мәселе болмасын үнемі  басы-қасында жүріп, бізге көмектеседі.

Селолық округте 3  мектеп бар.Оның біреуінде интернат бар. Жалпы  оқу ордаларында 319 оқушы тәрбиеленуде. Екі шағын орталық пен 75 сәбиге шақталған бір балабақша жұмыс істеп тұр. Қарақоға ауылында емхана, Образец және Чистое ауылдарының жеке медициналық пункті бар және Тәуелсіздік мерекесіне орай Ноғайбай ауылында да осындай орталық ашылды. Жалпы ауылдық округте тұрғындардың тұрмысына қажетті бар жағдай жасалған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...