ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

17:18, 11 тамыз 2021

ГЕО: ЕСІЛ АУДАНЫ

Есіл ауданында қысқа 52 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланып отыр. Шабындықта 20 жұмыс бригадасы еңбек етіп жатыр. Ауданда бүгінгі күні шөптің құны 8 мыңнан 15 мың теңге аралығында. Тақырыпты әріптесім жалғастырады.

«Есіл» агро-фирмасында жем-шөпті шілде айының ортасынан дайындай бастаған. Кәсіпорын өз жұмысшыларын ғана емес Заречное ауылдық округының тұрғындарын да шөппен қамтамасыз етеді. Бағасы қолжетімді.  Салмағы 3,5 центнер болатын бір орам шөпті мұнда 4 мың теңгеге сатады. Орта есеппен алғанда  округте мал өсіретін бір отбасына 8 орам шөп қажет екен.  

АҒЫБАЙ ҚОЖАБЕКОВ, БРИГАДА БАСТЫҒЫ:

Ортаға 70 пайыз шөпті жинап алдық. Жұмысшыларды шөппен қамтамасыз еттік. 50 шақты механизатор мен 20 адам тұрғын қалды. Енді ауа райы болса, жинап, апарып береміз. Жауын-шашын болмағандықтан шөп аз, десе де, ауылды шөппен қамтамасыз етеміз.

Берік Мақұмов Явленка елді мекенінде тұрады. Малға қажетті жем-шөпті зейнеткер өзі дайындайды. Көмекке ұлдары келеді екен.

БЕРІК МАҚҰМОВ, ЯВЛЕНКА ТҰРҒЫНЫ:

Біз 3 сиыр, 10 қой мен 3бие ұстаймыз. Биыл жаңбыр болған жоқ, бірақ жағдай нашар емес. Біз бүгінге 4 арба шөп дайындап қойдық. Егістікте ұлдарыммен тамздың соңына дейін шөп дайындайтын боламыз. Тағы екі арба керек.

Қысқа қажет жемазық Покровка елді мекенінде де әзірленіп жатыр. «Достық» шаруа қожалығы 350 тонна шөп дайындауды жоспарлап отыр. Серіктестік өз жұмысшыларын шөппен қамтамасыз етті, енді ауыл тұрғындарына дайындап жатыр. Шөптің бір орамы 5 мың теңге тұрады.

ӨМІРСЕРІК ҚОЗЫБАЕВ, «ДОСТЫҚ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі күнде 10-12 адам жұмыс істейді.Негізгі шаруышылық – мал шаруашылығы. 150 қара мал бар. Оның ішінде 30-ы сауын сиыр. 400 қой бар Еділбай тұқымды.25 жылқы мен 115 доңыз бар.

Сара Баяхметова жергілікті шаруа қожалықтарына мал азығына тапсырыс беріп тұрады. Зейнеткердің екі сиыры, екі бұзауы мен 20 қойы бар.  

САРА БАЯХМЕТОВА, ПОКРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен шаруашылық шөп шабуға кіріскен уақытта-ақ бірден тапсырыс бердім. Бір-екі күн бұрын әкеліп берді. Бағасын сұрағанда таң қалдым, 5 мың теңге дейді. Бірден 15 орам шөп алдым. Бірақ, бұл шөп жетпейді, тағы алмақпын.

Бүгінгі таңда Есіл ауданының шабындықтарында 84 бригада жұмыс істеп жатыр. Шөп және басқа да мал азығымен 4000 мыңнан астам шаңырақ қамтамасыз етілген. Салмағы 3 центнер болатын бір орам шөптің мұндағы орташа бағасы 3 мыңнан 4 мың теңгеге дейін.

Индира Ахатқызы, Кирилл Потемкин

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...