ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

20:49, 18 тамыз 2021

М. Жұмабаев ауданында  қысқа мал азығын дайындау, соның ішінде шөп  шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Ауданда бір тонна шөптің бағасы 12-13 мың теңге тұрады. Аудан  тұрғындарын арзан жем шөппен жергілікті кәсіпкерлер қамтамасыз етпек. Сюжетке назар аударайық.

М. Жұмабаев ауданында 18 ауылдық округ бар. Оның 6-да қысқа мал азығын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 тонна шөптің құны мұнда 12-13 мың теңге тұрады. Салмағы 350 келі болатын  шөптің бір теңі 3000-4000 теңге көлемінде. «

ӘЛІБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Үлгергендер шөпті даладан өздері  әкетіп жатты. Үлгермегендерге үйлеріне жеткізіп бердік. Көбіне өз күштерімен әкетіп жатты. Бірінші кезекте аудан тұрғындарын қамтамасыз еттік. Сондай-ақ шөпті басқа да аудандардан келіп сатып алып кетіп жатты. Шөп жеткілікті.

Ауданды жем шөппен жергілікті шаруа қожалықтары қамтамасыз етеді. «Фиксель» жұмысшылары осы күнге дейін 12 мыңнан астам тең шөпті әзірлеп үлгерген.

ВАЛЕРИЙ ИВАНОВ, «ФИКСЕЛЬ» ШҚ БАСҚАРУШЫСЫ:

Бір орамда 20 келі шөп бар. Өз жұмысшыларымызға бір тоннасын 12-12,5 мың теңгеге саттық. Біз алдымен өз жұмысшыларымызды қамтыдық. Кейін пай иелеріне, зейнеткерлерге сатамыз. Тек артылғаны ғана сыртқа саудаланады.

Ауданда шөп шабу науқаны маусым айының соңында басталды. Қазіргі уақытта қажетті шөптің 65 пайызы дайын.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...