ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

17:55, 5 желтоқсан 2018

Уәлиханов ауданына қарасты Қулыкөл ауылында мал соятын модульдік пункт ашылды. Жаңа нысанды іске қосуға аудан азаматы демеушілік етті. Саян Мүбәрак «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» ұсынған кепілсіз несиенің көмегімен тұрғызған. Бұл жобаға қанша қаражат жұмсалды? Қажетті қондырғылар қай жақтан жеткізілді? Тақырыпты арна тілшісі Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Уәлиханов ауданы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Қулыкөл елді-мекенінде ашылған мал соятын модульдік пункт тұрғындардың қажетін өтемек. Бұл - облыс бойынша барлық талаптарға сай ашылған алғашқы мал бордақылау орны.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Осы жерден шыққан малдың барлығы бүгінгі таңда тек қана Астана емес көрші елдерге Ресейге де болсын,Қытайға да болсын,тікелей жіберуге болады. Себебі бұл мал сою пунктінде лабароториясы арнайы жасалған. Сол жердегі мамандар дайындалып жатыр. Алдағы уақытта осы жердің малдарын біз Қазақстан ішіндегі бағаға емес, шетелдегі бағаларға сәйкес келтіріп сойып дайындап жіберу мүмкіндігі туып отыр.

Ауданға қаржы құйып, қажетті нысанды ашқан астаналық жеке кәсіпкер Саян Мүбәрак.  Ол «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» арқылы 32 млн теңге несие рәсімдеген. Қарызды кәсіпкер 2025 жылға дейін толығымен өтемек.

САЯН МҮБӘРАК, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Енді осыдан әрі қарай жұмыс істейміз деп ойлаймыз. Алдағы жоспарымыз ауыл дамысын. Малдары көп болсын. Мал көп болса, елімізде, мемлекетімізде береке болады. өзім Астана қаласында тұрсам да, осы ауылданмын. Ішкі жұмысымыз ауылда.

Мал бордақылау орнында тәулігіне 15 шақты мал сойылады. Қазіргі таңда 4 адам жұмысқа орналасқан.

СЕРІК НҰРЫНБАЕВ, ЖҰМЫСШЫ:

- Бұдан бұрын жұмыс болмады ауылда. Енді мына құрдасымызға кіріп жатырмыз. Тапсырыстар келіп жатыр бүгіннен бастап, жұмыс жасаймыз енді. Алдағы жоспарымыз  мал соямыз енді. Осында жұмыс болады.

Аумағы 300 шаршы метрді құрайтын модульдік пункт мал жинайтын алаң, соятын жер мен сыйымдылығы 5 тонна болатын жаңа рефрежератор мұздатқышпен жабдықталған. Бұл қондырғылар Германиядан арнайы жеткізіліпті.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...