ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТЕН АРЗАН НЕСИЕ АЛҒАНДАРДЫҢ КӘСІБІ ӨРГЕ ДОМАЛАУДА

20:43, 21 қараша 2018

Мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттен арзан несие алғандардың кәсібі өрге домалауда. Мысалы, Мамлют ауданындағы «Стан» серіктестігі осыдан 6 жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы аясында жылдық 6 процент мөлшерлемесімен несие ресімдеген болатын. Ол қаражатқа ірі қара мал сатып алып, асылдандырып жатыр. 

«Стан» компаниясы малды асылдандыру жұмыстарымен 2013 жылдан айналысып келеді. Серіктестік басшысы «Сыбаға» бағдарламасы аясында жергілікті 90 ірі қараны алып, оны Абердин-ангус аталықтарымен будандастырған. Нәтижесі жаман емес. Төлдерінің өнімділігі жоғары. Бизнесмен етті бағыттағы сиырларды бордақылау алаңдарына тапсырып, содан түскен табыс есебінен қарызды уақытылы өтеп отырған. Қазіргі таңда мемлекет алдындағы берешегі бітуге шақ қалды.

ҚАНАТ БЕКЕНОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

- «Сыбаға» бағдарламасымен жылдық 6 процент ставкасымен несие ресімдедім. Мемлекет алдындағы берешегім  осы жылы толығымен өтеледі. Кәсіпті бастау үшін бұл мемлекеттен үлкен көмек болды.

Жаңа туған бұзаулардың салмағы 30 келіге жетпейді әрі бастары да кішкентай. Сондықтан мұндай мал жеңіл төлдейді дейді кәсіпкер. Есесіне, төлдері күн сайын 800 граммнан салмақ қосады. Суыққа төзімді келеді. Шаруа осы көрсеткіштерге қарап абердин-ангус сиырларын таңдапты. Жақында фермерге жақсы хабар жетті. Келешекте еттің келісіне берілетін демеуқаржы үш есеге өспек, яғни 60 мың теңге болады деп күтілуде.«Стан» серіктестігі малдың денсаулығына мұқият қарайды. Мұнда ен салу, қан алу сынды ветеринариялық шараларды атқаруға арналған қондырғы бар. Ол өз елімізде құрастырылған.  

ҚАНАТ БЕКЕНОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

- Мал тырп етпей тыныш тұру үшін мойын тұсы мен денесін қысамыз. Құрылғының электрондық таразысы бар. Бірден малдың салмағын өлшеп, оны бағалауға болады.

«Стан» компаниясының еңбеккерлері жыл 12 ай тұрақты жұмыспен қамтылған. Малға қарайтын 10 шақты адамы бар. Олардың орташа жалақысы 90 мың теңгені құрап отыр.

ВИКТОР КОНЯЕВ, МАЛШЫ:

- Қанат Бекеновтың қарамағында 5-ші жыл жұмыс істеймін. Жалақыға көңілім толады. Зейнетақы аударымдары да қорға уақытылы аударылады. Жұмыс істеуге ниеттенген адамға ауылдық жерлерден кәсіп табылады.

Инфляция деңгейіне сәйкес, кәсіпкер жыл сайын еңбеккерлерінің жалақысын 10 пайызға өсіріп тұрады. Табыстарының өсуіне байланысты Афонькино селосының тұрғындары көшпей отыр. Дей тұрғанмен, «Стан» серіктестігінде күзетші, еден жуушы сынды төмен айлық алатын 12 адам бар екен. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жалақысы аз мамандардың айлық табысын 28 мың теңгеден 42 500-ге көтеруді кәсіпорын басшыларына жүктеген  болатын. Бизнесмен жаңа жылдан бастап осы тапсырманы орындамақ.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...