ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ

13:01, 20 тамыз 2021

Облыс аудандарындағы шаруа қожалықтары мен ЖШС-тер өз шаруашылықтарын ғана емес, ауылдастарын да жем-шөппен қамтамасыз ету үшін шөп шабу науқанына қызу кіріскен.  М.Жұмабаев ауданындағы "Үкен" шаруашылығы осы күнге дейін 4 мың орама шөп әзірледі. Мал азығы қымбаттаған жоқ – тұрғындарға былтырғы бағамен сатылып жатыр.

М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ

«Үкен» шаруа қожалығының мына 750 гектар шабындық алқабында  қысқа шөп дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысшылар қазірдің өзінде 4 мың орама шөп дайындады. Оның барлығы аудан тұрғындарына сатылмақ. Шаруашылық басшысы Жангелді Үсенов шөпке былтырғы бағаны ұстап отыр.

ЖАНГЕЛДІ ҮКЕНОВ, Шаруа қожалығының  БАСШЫСЫ:

Осы аумақты тәмамдап, жаңа 800 гектарлы алқапқа бармақшымыз. Қазір  елді құрғақшылық жайлаған қиын заманда біз халық үшін бағаны төмендетуге тырысамыз. Жұмысқа 5 адам, 1 пресс, 2 тиегіш және де комбайн жұмылдырылды. 30 маусым жұмысқа кірістік, содан тоқтаған жоқпыз.

Возвышен ауылдық округінде 1112 адам тұрады. Зейнеткерлерге шөп орамы 3 мың теңгеден,  тұрғындарға 3500 теңгеден, ал серіктестік пен қожалықтардың жұмысшыларына 4000 теңгеден сатылып жатыр.

СВИКТОР СОКОЛОВ, ВОЗВЫШЕН  ауылдық округінің  ӘКІМІ:

 Ш/Қ және ЖШС өз жұмысшылары мен пайшыларн қажетті жем-азықпен қамтиды. Биыл шөппен мәселе жоқ. Тек ерінбей еңбек етсе болды. Ауыл тұрғындары да өздері шөп дайындаумен айналысады. Олар  жол жиегіндегі шөптерді де шауып алды. Мәселе жоқ 

Жергілікті әкімнің айтуынша,  бүгінде ауылдық округте халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар шөпті қай жерден, қандай бағамен және қай уақытта сатып алуға болатындығын тек хабарландырулардан ғана емес, сонымен қатар осы мақсат үшін арнайы құрылған әлеуметтік топтардан да біле алады.

ӘМІРЕ АҚБАТАЙ АНАСТАСИЯ ДРОНЯК

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...