ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАРБЫЗ-ҚАУЫННАН МОЛ ӨНІМ АЛДЫ

17:24, 12 тамыз 2021

ЕСІЛ АУДАНЫ

Есіл ауданының тұрғындары бақша дақылдарын өсіруді қолға алған. Нәтижесінде биыл қауын-қарбыздан мол өнім алды. Жылу сүйгіш өсімдіктер солтүстік өңірдің ауа райында әдетте өсе қоймаса да, жергілікті бақшашылар орайын тауып, бағбаншылықпен айналысып жатыр. Қарбыздардың әрқайсысының салмағы 15 келіге дейін жетеді.

Ғани Ердосов оңтүстік өңірдің тумасы. Шымкентте ол 30 жылға жуық бақша дақылдарын өсірумен айналысқан екен. Былтыр Есіл ауданына көшіп келген бағбан бұл жерде де үйренген кәсіпті қолға алған. Оның айтуынша, қарбызды 10 күнде бір рет, бірақ шөлі қанғанша суару қажет. Бір түпке орта есеппен 5-7 литр су керек. Аса күтімді де қажет етпейді. Оның бақшасында қарбыздың «голланд» сұрыпы және «түрікмен» қауыны өсіп жатыр. Бірер аптадан кейін мол өнім жинап алынады.

ҒАНИ ЕРДОСОВ, ЯВЛЕНКА ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Бағбаншылықпен бұрыннан айналысамын. Оңтүстікте менің өз бақшам болатын. СҚО-ға келгеннен кейін өзім білетін іспен айналысуды жөн санадым. Топырағы құнарлы, бірақ ауа райы салқынырақ. Жаз ыстық болған жағдайда жақсы өнім алуға болады. Биыл аудандық әкімдік ұйымдастырған байқауда 14 га жерді жеңіп алдым. Келесі жылы ол жерге қауын-қарбыз егемін».

Ал Николай Малвенов өз бақшасында қарбызды жетінші жыл өсіріп келеді. Бастапқыда бір ғана сұрыпты, кішкентай ғана аумаққа егіп көрді. Яғни тәжірибе жинақтады. Жылыжай, көшетхана салып, суару технологиясын меңгерді. Алғашқы жидектерінің салмағы 5 келіге дейін ғана тартса, қазір біреуі 15 келіге дейін барады. Корнеевка елді мекені тұрғынының бақшасында қарбыздың 30-дан астам түрі өседі.

НИКОЛАЙ МАЛВЕНОВ, КОРНЕЕВКА ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Сапалы тұқымды алуға тырысамын. Біздің ауа райында қарбыздың голландиялық және жапондық түрлері жақсы жетіледі. «Сакада» сорты көпке танымал. Кәсіби қапталған, арнайы өңделген тұқымды аламын. Нәтижесін көрген сайын қарбыз өсіруге деген қызығушылығым жылдан-жылға артып келеді. Былтыр ең үлкен қарбыздар салмағы – 10 кг болды, биылрекорд орнаттық – 16 кг»

Жергілікті бағбандардың айтуынша, Солтүстік Қазақстанда да қарбыз бен қауыннан жақсы өнім алуға болады. Бірақ ол үшін қажетті технологияны сақтаған жөн. Яғни ауа райына бейімделген сұрыпты таңдап, дұрыс суарып, топырақты мезгілінде минералды тыңайтқыштармен байытып отыру керек.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...