ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ОРАҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

13:01, 25 тамыз 2021

 

Тимирязев ауданында жеке қосалқы шаруашылықтар үшін қажет шөптің 92% дайын. Орақ науқаны да басталып кеткен. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдары 60 мың гектардың астығын бастырды. 

Тимирязев ауданы

Халыққа жем-шөпті қолжетімді бағамен сату үшін ауданда екі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Саудаға шөп, жем, арпадан бөлек, отын да шығарылды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының мәліметінше, өнімнің барлығы қолжетімді бағамен саудаланды, дейді.     

СЕЙІТЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бізде бір орам шөптің орташа бағасы 5 мың тг және  1 мың тонна  шөптің бағасы 15мыңнан басталды. Біз барлық мал ұстайтын ауыл тұрғындарын қысқы жемазықпен қамтамасыз еттік.

Жалпы аудан бойынша 200 мың гектарға бидай егілген. Ал мына алқап "Райт"ЖШС-не тиесілі. Егін орағында заманауи ауыл шаруашылығы техникалары жүр. Бір апта ішінде жалпы көлемнің 26% бастырылды. Егін егу кезінде диқандар әр гектардан кемінде 15 центнерден өнім аламыз деп жоспарлаған, алайда жаз тым ыстық, құрағақ болды. 

СЕЙІТЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Аудан шаруашылықтар түгел егін орағын бастады. Жанар-жағармаймен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Биыл орақ науқанына 640 комбайн, оның ішінде 300 өнімділігі жоғары техника жұмылдырылды.

Мамандар қыркүйек айында орақ науқанын аяқтаймыз деп отыр. Әрине,  ауа-райы егінді жинап алуға кедергі келтірмесе. 

Жанбота Естайқызы, Наталья Аитова

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...