ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ОРАҚ НАУҚАНЫ ҚЫЗҒАН КЕЗ

20:44, 2 қыркүйек 2021

Диқаншылар үшін жұмыстың қызған кезі.  Қызылжар ауданындағы  "Астраханское" ЖШС-нің мамандары  егін жинауға кірісті. Олар 3000 гектар алқапқа егілген бидайды орып жатыр.  Жаз құрғақ болып, биыл түсім де шамалы.  Гектарынан 14-15 центнерден өнім алуда.  Тақырыпты біздің тілшіміз жалғастырады.

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ

Аграрийлер үшін қазір маңызды кез. Күзгі орақ науқаны басталды. Астрахан ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына "Астраханское" ЖШС үлкен көмек көрсетеді. Серіктестік өсімдік шаруашылығымен айналысады ,дәнді, майлы және жем-шөп дақылдарын өсіреді. Ағымдағы жылы егіс алқабы 7000 гектарды құрады,оның ішінде 3000га жерге бидай егілді.

ЖАНАРХАН МАПЕНОВ, "АСТРАХАНСКОЕ" ЖШС БАСШЫСЫ:

Егінді жығып жатырмыз. Парға қалатын жерлерді жыртып жатырмыз. Комбайндар, техника барлығы жеткілікті. Жұмыс уақытылы жүріп жатыр.

Құны 300 млн теңге тұратын жабдықты 3 жыл бұрын өз қаражаты есебінен сатып алынған. Мұнда жаңа бидай кептіріліп, тазартылады.

МАРАТ МАҒАУИЯНОВ, "АСТРАХАНСКОЕ" ЖШС ТОҚ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жұмыс режим бойынша жүріп жатыр. Екі ауысымда. Танап басынан жеткізілген егіннің барлығын  өңдеп жатырмыз. Бидайды ысырапсыз жинап аламыз деген ойдамын.

тазлаудан кейінгі астық қалдықтарын серіктетік ауыл тұрғындарына қолжетімді бағамен саудалап жатыр.  Биыл жаз құрғақ болса да, ауылдағы ағайын жем-шөп дайындап үлгерген.

Жаз құрғақ болды,Серіктестік зейнеткерлер мен жұмысшыларға көмектесті. Жем-шөп алуға қол ұшын созды.

СҚО-да аграрлық секторды дамытуға ағымдағы жылы 46 миллиард 200 млн теңге субсидия бағытталғанын атап өткен жөн, оның 17-сі өсімдік шаруашылығына бағытталған.

Елена Горбань

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА КӨШТІ
13:00, 17 қаңтар 2022
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА КӨШТІ
Толығырақ...