ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ - БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

18:32, 5 наурыз 2019

Әлемде органикалық өнімге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Әсіресе Еуропа елдері химиялық қоспасыз азық-түлікті әлдеқайда жоғары бағаға сатып алуға дайын. «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы жергілікті диқандармен кездесу өткізіп, оларды жаңа бағытта жұмыс істеуге шақырды. 

Табиғи өнім алам дейтін шаруаларға химиялық тыңайтқыштарға шығынданудың қажеті жоқ. Алайда бастапқы кезде өнімділік әлдеқайда аз болады. Сондықтан, органикалық өнім өсіру –өсірмеуді  әр шаруа қожалығы өзі шешеді. Ерікті нәрсе.  Бірақ, жергілікті Кәсіпкерлер Палатасында кездесуді ұйымдастырған мамандардың айтуынша, табиғи өнімге бет бұрғандар бұл бағыттан таймай, ілгері жылжып келеді. Органикамен айналасудың артықшылығы өнімнің көлемінде емес, сапасы мен бағасында дейді олар.

ӘРСЕН КЕРІМБЕКОВ, ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП БІЛІКТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Солтүстік Қазақстан облысында гектарына 15-20 центнер алады. Органикамен айналысса өнімділік 30 пайызға түседі. Органикада складтты, көлікті сертификациялау керек. Бірақ пайдасы үлкен. 1,5 рет көбірек бағасы.

Химиядан бас тартқандар, өнімдері таза екендігін дәлелдеу үшін бірқатар сертификаттаудан өтуі тиіс. Бұл іспен негізінен Еуропалық сарапшылар айналысады. Бір егістік алқапты сертификаттау үшін шамамен 5 мың еуро тұрады. Яғни қомақты қаражат шетелге жіберіледі. Сондықтан «Атамекен» КП Қазақстанда сертификаттау компаниясын құрмақшы. Бүгінге дейін еліміздің 60-қа жуык шаруашылығы органикалық өнім өсіруді бастады. Араларында Солтүстік Қазақстандық диқандар да бар. Бірқатары өз тәжірибелерімен бөлісу үшін келді.

ИЛЬЯ ПАМПУР, «ДИҚАНШЫ» ЖШС САТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:

- Органикалық дәнді дақылдарды Еуропа елдеріне экспорттаумен 10 жылдан бері айналысып келеміз. Өзіміздің егістік алқабымыз болмаған соң, серіктес компаниялармен жұмыс істейміз. Оларға сертификациядан өтуге көмектесеміз. Жылына шамамен 5-10 мың тонна өнімді экпорттаймыз. Бүгінгі кездесуде органикамен айналысам деушілерге неден бастау керек. Қандай қиындықтар кездесуі мінкін екендігін түсіндіріп, артықшылығын  айтып береміз.

Сарапшы мамандардың есебі бойынша, соңғы 20 жылда Еуроппа елдерінде табиғи өнімге деген сұраныс  жылына  15 млрд доллардан 100 млрд-қа дейін өсті.     

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...