ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН СЕМИНАР ӨТУДЕ

21:25, 28 қараша 2018

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі - жергілікті өзін өзі басқару бюджеті, халық саны 2 мың адамнан асатын ауылдық округтерге енгізіліген болатын. Бүгін облысымыздың аудан әкімдері біліктілікті арттыру мақсатында «аймақты дамыту үшін өзін-өзі басқару жүйесін түрлендіру» атты семинарына қатысты. Жиында қандай мәселелер көтерілгені  жайлы келесі материалда.

Еліміздің бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады.Ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджет болмағандықтан, жыл басындахалық саны 2 мың адамнан астаын ауылдық округ деңгейіне мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейі енгізелген еді. Облысымызда оған сәйкес келетін 47 ауылдық округ және аудандық маңызы бар 4 қала бар. Бүгінгі бірінші жиынға аудан әкімдерінің тең жартысы келіп отыр. Оларға семинар аясында жергілікті бюджеттің кіріс көзі – салықты дұрыс, әрі тиімді пайдалануды үйрететін болады.

ЖАНАР ТҰРАЛИНА, «ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ» РМҚК  СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДОЦЕНТІ:

- 3 күн олар бюджет туралы түсініктер алады. Екіншісі - тәжірибе. Аудандарына қайтып, жобалар жасайды. Және үшінші сатысы 10-12 желтоқсан үш күнге келіп, жасаған жобаларын комиссия алдарында қорғайды. Оларды мемлекеттік органның басшылары, қаршы басқармасынан, аудит басқармасынан, бюджеттік процесс туралы білім алады.

Мәселен, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының 8 мыңға жуық тұрғыны бар. Қаланың бюджеті 30 млн теңге.  Биыл, елдімекендекөше жолдары жөнделіп, саябақтар ашылған. Шамдар орнатылып, көпірлер қайта қалпына келтіріліпті. «Бастау бизнесс» бағдарламасы аясында 30-ға жуық кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сонымен қатар, қалада 19 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі Науқан Таласбаевтың айтуынша, бұл тек жұмыстың басы ғана.

НАУҚАН ТАЛАСБАЕВ, СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ:

- Ең бірінші жергілікті жерлерді, шын айтқанда, алыс ауылдарды көтері үшін, абаттандыру мәселесі, жол мәселесі, өйткені бұл уақыттарға дейін бұл мәсеге көп көңіл бөлінген жоқ. ауылды жерлерге су мәселесі, халық демалатын жерлер салусоның бәрі алға қойылған міндет, мақсат.

Ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттырудағы бағыттардың  бірі бұл – стратегиялық менеджмент. Өйткені, басшылар жергілікті жердегі қандай да бір кәсіпті алға бастыру жолдарын білу қажет.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Біз семинар аясында әкімдерді түрлі тақырптар, мәселелер бойынша үйрететін боламыз. Соның бірі, стратегиялық менеджмент. Әкімдер ауыл кәсіпкерлеріне мақсатқа жетуге және оны құруға қажетті мотивация беру, ұйымдастыруды үйренеді. Алға қойған мақстқа жету жолдары түсіндірілетін болады.

Жергілікті өзін өзі басқару бюджетінің кіріс көздері салықтық түсімдерден тұрады. Аталмыш бағдарлама 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттің 4 деңгейі ретінде енгізілетін болды. Ол сол жердегі маңызы бар өзекті мәселелерді шешу кезінде ауылдық  округ әкімдеріне қаржылық және экономикалық дербестік бермек.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...