ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІН АТАП ӨТТІ

21:22, 23 қараша 2018

СҚО диқандары ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов сала қызметкерлерін тағы да бір науқанның жемісті аяқталуымен құттықтап, үздіктерді марапаттады. Сонымен қатар, орақ науқанын жақсы тәмамдаған үш ауданға 10, 20 және 30 млн. теңгенің сертификаттарын табыстады.  Үздіктердің қатарына кім ілекті, тілшіміз Самат Сапаралы тарқатады.

САМАТ САПАРАЛЫ, ТІЛШІ:

- СҚО диқандары биыл 2,8 мың гектар алқапқа дән сеуіп, 5,3 млн. тонна астық жинады. Астықтың орташа берекелігі гектарына 19 центнер. Мамандардың сөзінше бұл ретте Қызылжар, Жамбыл және Аққайың аудандары алда келеді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында бірқатар диқандарды түрлі марапаттармен құттықтады.

Елбасы тапсырмасымен СҚО-ның алдағы 3 жылдағы даму жоспары жасалған. Осы орайда ауыл шаруашылығына деген қолдау артады. Жалпы өңір бойынша 9 мың шақырым жол болса, келер жылы ауылды жерлердегі 525 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі және 3 жылда бұл көрсеткіш 1700 шақырымға жетеді, - дейді аймақ басшысы.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Елбасы өз Жолдауында жыл сайын ауыл шаруашылығы саласын қолдауға қосымша 100 млрд. теңге бөлінетінін айтты. Бұл қаражаттың басым бөлігі СҚО-на беріледі. Қазіргі таңды лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу пайызы әлдеқайда төмендеді, бұл да ауыл шаруашылығы саласындағы бір қолдау. Мал шаруашылығында, етті, сүтті малдар мен шошқа шаруашылығын дамыту үшін өзіміздің генетикалық орталықты құру керек. Сонда асыл тұқымды малдарды шетелден сатып алмай, өзіміз өндіре береміз.

Аймақ басшысы жерді дұрыс пайдаланбай, нашар астық жинайтын шаруашылық жерлерін, алқапты ұтымды пайдаланатын диқандарға бөліп беру мәселесін көтерді. Сонымен қатар, солтүстікқазақстандықтардың ауылдардан көшпеуі үшін бірқатар жұмыстар атқарылады. Яғни алдағы жылдары білікті кадрларды қолдау үшін елді-мекендерде 3000 баспана салынады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Келесі жылы ауылды жерлерде 600 үй тұрғызамыз. Оған қажетті қаражат бюджетке жоспарланды. 2019 жылы тағы да 1000 баспана ауылдықтарға беріледі, ал 2021 жылы 1400 үйдің құрылысын аяқтаймыз. Осылайша біз Елбасының саясатымен елді-мекен тұрғындарына жағдай жасаймыз. Ауылдан көшіп жатқандардың санын қысқартып, өндіріс көлемін арттырамыз.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеуге аса көп көңіл бөдінуде. Үстіміздегі жылдың 10 айында өндірістік тауар бағасы 88,9 млрд. теңгені құраған. Экспорт көлемі де 21 пайызға артып, 109 млн. долларын құрап отыр. 

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай, 2,5 есеге көбейту керектігін атап өтті. Біздің аймақ үшін бұл дегеніміз ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыс диқандары осы жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Әр гектардан орта есеппен 19 центнер өнім алған солтүстікқазақстандық диқаншылар республика қамбасына 5,3 млн. тоннадан артық астық құйып, елеулі үлестерін қосты.

Орақ науқанының нәтижесі бойынша әр гектардан орта есеппен 21 центнерден астық жинаған Аққайың ауданына облыс әкімі 10 млн. теңгенің сертификатын табыстаса, гектарынан 23,4 центнера бидай алған Жамбыл ауданына 20 млн. теңге табысталды. Ал көш бастаған Қызылжар ауданының диқандары, аймақ басшысы аудан әкімін 30 млн. теңгенің сертификатымен марапаттады.

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгінгі бізге берілген қаражатты аудандағы мектеп пен мәдениет үйлерін жөндеуге жұмсаймыз. Өйткені келесі жылды Елбасы жастар жылы деп жариялады, сондықтан да жастардың демалысын көңілді өткізу үшін, ауылды жерлердегі мәдениет үйлеріне, жастар үйірмелеріне жаратамыз.

Сонымен қатар бұл күні бірқатар диқандар, мехнизаторлар мен технологтар ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болысты. Ал биылғы орақ науқанында жоғары сапалы және мол өнім жинаған азаматтар «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

ЖОМАРТ ОМАРОВ, «ШАҒАЛА АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің шаруашылығымыз биылғы жылды жақсы нәтижемен аяқтады деп айтуға болады. Өйткені көктемгі егіс жұмыстары, жазғы жұмыстар бәрн аяқтап, ең соңы орақ науқанын уақытылы жинап, қамбаға үйіп алдық. Соның нәтижесін көріп жатырмыз. Ұжымның еңбегінің арқасы.

Салтанатты шара соңы Қазақстанның эстрада жұлдыздары «Формат» тобы мен қалалық мәдениет қызметкерлерінің дайындаған мерекелік концертімен аяқталды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...