ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СҚО ЖАҢА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

20:48, 22 қараша 2018

Петропавлда  заман талабына сай салынған көкөніс қоймасы пайдалануға берілді. Арнайы жабдықталған қоймада 2 мың тоннаға дейін жеміс-жидекті жыл он екі ай сақтауға болады. Бұл өз кезегінде көктем уақытында сырттан көкөніс әкелуге жол бермейді. Сәйкесінше баға да көтерілмейді. «Радуга» ЖШС тұрғызған қойманы өңір басшысы Құмар Ақсақалов көріп қайтты.

Осыған дейін облыста 4 көкөніс қоймасы болатын. Бірақ олар ескірген, әрі талапқа сай болмағандықтан картоп-сәбізді ұзақ сақтауға келмейтін. Жергілікті кәсіпкер Дмитрий Шарапаев бұл олқылықтың орнын толтырды. Жаңа қойманың құрылысына серіктестік заманауи технолгияларды қолданды. Нәтижесінде көкөніс келесі маусымға дейін шірімей, сапалы сақталмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа нысан чехиялық әдіспен салынған. Картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат барлығы бөлек-бөлек сақталады. Ол үшін арнайы 5 орын бар. Барлығында желдеткіш және салқындатқыш орнатылған. Мына жерде тұрақтандыру қорының көкөнісі мен «Радуга» ЖШС-нің өнімдері сақталатын болады. Жалпы алғанда кәсіпорын бизнестің жаңа қырын игеріп жатыр. Жуықарада қаламызда  қолжетімді бағалармен көкөністер саудаға шығарылмақшы.

ВЛАДИМИР МИХАЙЛЕНКО, КӨКӨНІС  ҚОЙМАСЫНЫҢ КУРАТОРЫ:

Өнімдерді жергілікті ауылшаруашылық қожалықтарынан сатып аламыз. Компания жерлес кәсіпкерлермен жұмыс істеуге ниетті.  Өнімдерді жақсы сақтап, көктемде сатамыз. Сырттан жеткізілген емес, өзіміздің сапалы өнім болғандықтан баға да өспейді, сұраныс та болады. 

Көкөніс қоймасының сыйымдылығы 2 мың тонна. Оны салу үшін 607 млн теңге  жұмсалыпты. Нысанның ішіндегі ылғал мен температура арнайы планшет  арқылы бақыланып отырады.

- Қазіргі кезде біз картопты сақтап отырмыз. Ол үшін қоймадағы температура 4 градус және ылғалдылығы 85 пайыз болуы керек. Біз қажетті көрсеткіштерді енгіземіз. Қалғаны автоматты түрде жүзеге асады.

- Датчиктер камераның бірнеше бөлігінде орналасқан. Яғни температура мен ылғал әр жерден көрсетіледі.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жаңа қойманың жұмысына жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, облыс әкімі «Радуга» ЖШС-нің жетекшісі Дмитрий Шарапаевқа 15ші өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу кезінде қосқан үлесі үшін алғысын жеткізді.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз форумға дайындық кезінде өз кәсіпорындарын, аумақтарын, үйлері мен өндіріс ошақтарын жақсартып, жөндегендерге ресми түрде алғыс айттық. Дмитрий Шарапаев белсенді түрде жұмыс істеді. Мүмкіндікті пайдалана оытра сізге алғыс білдіргім келеді.

Қойманың шарапатын облыс тұрғындары келер жылы көктем кезінде көреді. Өзімізде сақталған өнімдердің барлығы да қолжетімді болмақ.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...