ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАҚСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:42, 11 желтоқсан 2018

Соңғы жылдары Уәлиханов ауданында төрт түлікті көбейтіп, пайда табушылардың қатарың қалыңдады. Мұнда осы салаға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, уәлихановтықтар мемлекет қолдауының арқасында шаруаларын одан әрі қарай кеңейтуде. Мәселен, ағайынды Жантілеуовтер егін және жылқы шарушылығын ойдағыдай  дамытып келеді.

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

Уәлиханов ауданында жылқы шарушылығы жақсы дамыған. Оған дәләл «Ар» ЖШС. Қазіргі күні мұнда 500 бас жылқы бар.

Серіктестік сонау 90-жылдары құрылған. Олар өз істерін өңіріміздегі басқа қожалықтар секілді ірі қара өсірумен  бастапты. Кейін уақыт өте келе жылқы басын көбейтуге бет бұрады.

КЕНЖЕБЕК ЖАНТІЛЕУОВ,  ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жылқыны құр өсіріп жатқанжоқпыз. Қымызды істеп арасында қымыз сатамыз. Әртүрлі кейбір жылдары 100 литр 200-ге шығарамыз. 100 литр бір күнде шығаруға болады. Ол осы елге кетіп жатыр.

Бүгінгі күні шаруа қожалығының 4 мың гектар жері бар. Алқапқа олар негізінен бидай, сұлы және майлы дақылдарды егіп,  жерден жақсы өнім алған. Сонымен қатар, осы жерде өздерінің элеваторы да жұмыс істейді. Ол 2013 жылы іске қосылған.  Орылған өнімнің барлығы осында толығымен кептіріліп, сұрыпталады.

КЕНЖЕБЕК ЖАНТІЛЕУОВ,  ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бидай 15-20 центнер. Ячмень де солай. Рапс енді биыл кішкенен азщайып қалды. Дегенмен оның бәрі жинап, сатып жатырмыз.

Айта кету қажет, серіктестік жыл санап ұлғайып келеді. Нәтижесінде ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған.

ҚАЙЫРБАЙ ӘЛІМБАЕВ, ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Шарушылықта 5-жыл істеп жатырмын. Элеваторда оператор болып, қыста мал шарушылығында жүреміз. Жалақы уақытмен беріліп тұрады. Жылқылар қазір семіртіліп тұр. Жазда бағылады.

Бүгінгі күні Уәлиханов ауданында 23 ЖШС мен 108 шаруа және фермерлік қожалығы  бар. Оларда маман тапшылығы сезілуде.

МЕДЕТ ОСПАНОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бірақ әлі күнге дейін жұмысшылар тапшы Жұмысшылар әрине қажет. Себебі бүгінгі күні мал бағатын азаматтар, механизаторлар азайып жатыр.

Айта кету қажет, ағайынды Жантілеуовтер осы бағаттан таймай, мал санын одан әрі қарай көбейтуді көздеп отыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...