ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

ЯКОРЬ СЕЛОСЫ ГҮЛДЕНЕДІ

15:22, 20 наурыз 2019

Қызылжар ауданында 25 елді мекеннің жағдайы жақсармақ. Болашағы бар сол ауылдарда кәсіпорындар жаңғыртылып,  шағын және орта бизнесті дамытуға екпін беріледі. Егістік жерлердің  аумағы ұлғайтылып, ауыл шаруашылығ нысандары көптеп салынады. Сондай-ақ, келешегі бар елді мекендерде мектеп, балабақша, медпункт сынды әлеуметтік маңызы бар нысандар жөнделеді.Жоспардың барлығы 5 жылдың көлемінде орындалмақшы.

Қызылжар ауданы жұмыртқа өндірісі бойынша алда келеді. Құс фабрикалары есебінен жылдық салық түсімі 140 млн теңгеге ұлғайып, еңбек өнімілігі 30 пайызға артқан.

ТАЛҒАТ ШАХПУТОВ, «ЯКОРЬ ҚҰС ФАБРИКАСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ресей, Ауғанстан, Орта Азия елдерінен сұраныс көптеп түсіп жатыр.  Сыртқы сауда айналымы 1 млрд теңгеге жетті. Соған байланысты кәсіпорында жаңғырту жұмыстарын өткізіп, жылдық өндіріс қуатылығын арттырудамыз. Алдағы уақытта 40 жаңа жұмыс орнын құрамыз. Бізге жұмысшылар қажет.

Осыған орай құс фабрикасы Маңындағы Якорь елді мекенінде қоныс аударушыларға арнап 3 коттедж тұрғызылмақшы. Аталған селода таза ауыз су мәселесі жоқ. Тек жолдары мен әлеуметтік маңызы бар нысандар жөндеуді қажет етеді. 

ҚАЙЫРБОЛАТ ЧЕХМАНОВ, ЯКОРЬ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Биыл Якорь селосындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтеді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1,5 млн теңге ауылішілік жолдарға бөлінді. Сондай-ақ Якорь-Вишневка аралығына 13 млн теңге қарастырылған. Якорь селосында негізінен зейнеткерлер тұрады. Еңбекке қабілетті азаматтардың үлес салмағы шамалы. 

Бюджеттік ұйымдарда және ауыл шаруашылығында кадр тапшы.  Жергілікті билік бұл мәселені сырттан қосымша жұмыс күшін тарту арқылы шешпекші. Биыл оңтүстік өңірлерден 35 отбасы көшіп келеді деп күтілеуде. Қызылжар ауданында болашағы бар деп танылған 25 елді мекенде 37 баспана салынады. Біреуінің құны 5 млн теңгеге бағаланған.

МАРАТ ЕРХАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨІЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жоспардың барлығы 5 жылдың көлемінде орындалмақшы. Болашағы бар 25 ауылда  орналасқан  кәсіпорындар кеңейтіліп,  шағын және орта бизнесті дамытуға екпін беріледі. Егістік жерлердің  аумағы ұлғайтылады. Сүт-тауарлы фермалар салынып,  кірпіш, құрама жем, жұмыртқа өндіретін зауыттардың өндіріс қуатылығы артады. Сондай-ақ, кедешегі бар елді мекендерде мектеп, балабақша, медпункт сынды әлеуметтік маңызы бар нысандар жөнделеді.

Жоспарға сәйкес, Қызылжарда аудандық маңызы бар жолдарға 500 млн теңге бөлінді.  Соколов топтық су құбыры қалпына келтіріледі. Нәтижесінде орталықтандырылған су тарату желісіне 19 елді мекен қосылады. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...