ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЖАҢА ФАП

20:33, 7 маусым 2019

Ақжар ауданының Май ауылында жаңа фельдшерлік акушерлік пункт ашылды. Аудан тумасы Қасымжан Ташметов туып-өскен үйі қаңырап, бос тұрмауы үшін халықтың игілігіне пайдалануға табыс етті. Күрделі жөндеуден өткен медициналық обьектінің салтанатты ашылуына арнамыздың түсірілім тобы да қатысып қайтты.

Бес бөлмелі мына жер үй Қасымжан Қалижанұлы үшін өте ыстық. Бұл жер оның балалық шағымен тығыз байланысты. Кезінде әке-шешесі мен тоғыз бауыры тұрған қара шаңырақ бүгінде ауыл тұрғындарының игілігіне табысталды. Қасымжан Ташметов қазіргі кезде Ақмола облысында медицина саласында еңбек етеді. Сол себепті, үлкен әрі ыңғайлы үй бос тұрмасын және халыққа өз пайдасын тигізсін деген ниетпен оны фельдшерлік акушерлік пунктке берген екен.

ҚАСЫМЖАН ТАШМЕТОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРДІҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Біріншіден медициналық қызметтің деңгейін жақсарту. Екіншіден, ел азаматтары осы елге көмектескісі келетін азаматтар тағы да осылай өз үлестерің қосауға жақсы бастама болсын. Осы медициналық пунктте ойлаймын халық тек профилактикалық қарайға келсін. Халқымыздың арасында ауру аз болсын. Денсаулықтары мықты болсын.

Өз ақшасы 2 млн теңгеге үйді күрделі жөндеуден өткізді. Медициналық пунктте жайлы әрі кең қабылдау кабинеті, ем-шара кабинеті, педиатр бөлмесі бар. Май ауылының тұрғындарына мұнда 2 білікті маман қызмет көрсетеді.

ЖАНАРГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА, МЕЙІРБИКЕ:

- Бұл жаңадан ашылған медпункт барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған. Соның ішінде электрокардиограмма аппараты, танометр, непулайзерлер. Алғашқы көмеке қажет барлық құрал-жабдықтар. Компьютер құрылғылары. Интернетпен қамтылған. Барлығы осы ауылда 326 адам саны бар.

Медициналық көмек көрсеткен бұрынғы ФАП-тың ғимараты ескі, әбден тозығы жеткен. Сондықтан ауыл тұрғындары бұл күнді асыға күтті.

- Бүгін сондай қуанышты күн болып жатыр. Ташметов Қасымжан өзінің туған үйін бізге медпункт қылып беріп жатыр. Соған үлкен рахмет.

Ескі ғимарат тозғандықтан, жаңа пункттің ашылуына біз өте қуаныштымыз. Осы жерде енді барлық медициналық тексерулерден өтеміз деген ойдамын.

Салтанатты ашылу ауылдық мәдениет үйіндегі зиялы қауым өкілдері, аудан басшылығы және тұрғындардың қатысуымен жиынға ұласты. Шара барысында Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадияров өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың атынан Қасымжан Ташметовке алғыс хат табыстап иығына шапан жапты.

Сонымен қатар бұл күні Қасымжан Қалижанұлы «Сөнбес шырақ» атты өзінің кітабының тұсауын кесіп, ауыл тұрғндарына жылы лебізін білдірді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...