ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖЫЛҚЫ – ТҮЛІК ПАТШАСЫ

21:33, 7 ақпан 2019

Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйретуімен ата-бабаларымыз адамзат өркенитеіне үлес қосқаны жайлы Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ерекше атап кеткен еді. Жылқыны қазақ халқы жеті қазынаның біріне қосады.  Киелі жануарды баптау, ұстау оған күтім жасау әдет-ғұрпымыздың бір бөлшегі. Петропавлдық Ағыбай мен Зайра Қыдбековтар өздерін ата дәстүрді жалғастырушымыз деп біледі. Олар бие байлап, дәмі тіл үйіретін қымыз ашытумен айналысады.

Зайра мен Ағыбай Қыдбековтардың отбасы 30 жылға жуық жылқы ұстап, бие сауумен айналысып келеді. Әдетте шаруашылыққа дені сау, сүті мол кең құрсақты сақа биелер таңдалып алынады. Қазіргі уақытта олардың сауып отырған 3 биесі бар. Зайра апайдың айтуынша қымыз балдай тәтті болу үшін оны екі сағат бойы күбіде пісіріп, кейін ол жылы жерде 12 сағат сақталуы тиіс.

ЗАЙРА ҚЫДБЕКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ;

- 30 жылдай бие ұстаймыз. Әке-шешеміз үйретті. Ата-енеміз үйретті.Сол дәстүрді жалғастырып осы Петропавлға көшіп келіп, бие сауамыз.Келін-баламыз, күйеу бала бәріміз семьямызбен. Біз бие сауамыз жаз уақытында 5-6 рет, қыста 3 мезгілде. Сауғаннан к ейін күбіге мәрліден өткізіп құямыз ,кішкене пісеміз 

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Жеті қазынаның бірі жылқыны қазақ халқы ертеден-ақ көлік, тағам ретінде пайдалана білген. Тіпті жауға да шапқан.Ал оның сүтінің емдік қасиетін медициналық тұрғыдан баяғыдан дәлелдеген.

Күн аязды болғанына қарамастан шаңырақтың күйеу баласы Ақжан Байжігітов күнде таңғы сағат 6-да әдеттегідей қолына шелегін алып, жылқы тұрған қораға бет алады.  Қыста әр сауын биеден 5 литр қымыз алынады. Ал жаз мезгілінде 10-15 литрге жетеді екен. Ақжан ағамыздың  айтуынша жақын уақытта өзінің 8 жасар ұлын тайға отырғызып, бәйгеге қосатын тұлпарды баптаудың қыр-сырын үйретпекші.

АҚЖАН БАЙЖІГІТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мені әке-шешем үйреткен бала кезімнен. Бұрын көп сиыр ұстааған, жылқы ұстаған. Содан үйрендім. Жылқы жақсы жануар. Ет, көлік, сүтін саусан  қымыз. Саумалысы күшті. Адамға ем. Жазда көп себебі, құлыны кішкентай болады. Жаңадан туған кезі. Сосын сүт көп болады. Қыста құлыны үлкен болады, көп ембейді. Сондықтан сүті аз шығады.

Қазір бұрынғыдай емес, қымыз алушылар көбейді, - дейді Зайра Қыдбекова. Жәрмеңкеге шығарады, былайша тапсырыс берушілер де жетерлік екен. Айтуынша, кейде келіп сұрағандарға жетпей қалып  жатады. Биыл балаларымен ақылдаса келе, жылқы санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ  45,8% ЖИНАЛДЫ
13:05, 3 қыркүйек 2021
ДӘНДІ ЖӘНЕ ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ 45,8% ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...