ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТУРИЗМНІҢ ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМДЕГІ ҮЛЕСІН 8% ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

20:45, 8 қараша 2018

Қазақстанда туризмнің жаңа тұжырымдамасы іске асырылуда. Ел бойынша ең көп сұранысқа ие демалыс орындарына апаратын жолдар жөнделіп, демалыс базаларына инфрақұрылым тартылуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде туристік индустрия ретке келтіріліп, елге шетелдіктер ағылмақ. Осылайша, отандық мамандар ресейлік әріптестерімен бірлесе 2025 жылға дейін туризмнің ішкі жалпы өнімдегі үлесін 8% жеткізуді көздеп отыр

БЕРІК ҚАСЕН,ТІЛШІ:

- Қазіргі таңда халықаралық туризм ерекше екпін алып келеді. Осы бағытта Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің болашаққа құрған жоспарлары ауқымды. Қос ел күш біріктіріп, туризм саласында бірегей, ортақ жобаларды қолға алмақшы. Эко, этно, экстрим сынды туризмнің бірнеше түрін дамытып, экономикадағы осы саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 8 процентке жеткізуді көздеп отыр.

Келешекте осы саладағы заңнамалар мен бағдарламалар қайта қаралып, жетілдіріледі. 2025 жылға дейін  Қазақстан сырттан келетін туристердің санын 7 млн-ға жеткізуді межелеп отыр. Жоспар ойдағыдай орындалса, бюджеттік түсімдер молайып, 100 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Әзірше, қазіргі таңда Қазақстанда туризмнің ішкі жалпы өнімдегі үлесі небары 1 процентті құрап отыр. 

ДАНИЕЛ СЕРЖАНҰЛЫ, «KAZAKH TOURISM» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕНЕЖДЕРІ:

- Ресейден туристер көптеп келіп жатыр. Жарты жылда 4 процентке өсім бар. Ресей Қазақстан үшін ең жақын ел, арада транспорттық байланыстары бар. Болашақта туризмнің ішкі жалпы өнімдегі үлесін  8 процентке жоғарылату міндеті тұр. Бұл өсімге қол жеткізу үшін біз 7 жыл тынбай тер төгетін боламыз.

Аталған сала төңірегінде болатын өзгерістер жайлы толығырақ отандық БАҚ өкілдеріне арнай ұымсдастырылған брифинг барысында айтылды. Өткен жылы Қазақстанға Ресейден 1 млн 700 мың турист келіпті. Дені Шығыс Қазақстан, Алматы, СҚ облыстарында демалған. 

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ресейге апаратын жолдарды  жөндедік.  Шалқар, Имантау курортық зоналарына инженерлік инфрақұрылымдар өткізіледі. Аталмыш демалыс орнының мастер жобасын шетелдік маман әзірлейді.

ОЛЕГ САФОНОВ,  РФ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ «РОСТУРИЗМ» ТУРИЗМ БОЙЫНША ФЕДЕРАЛДЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазақстан мен Ресей басшылары екі елде де шикізаттық емес экспортты 2 есеге ұлғайту міндетін қойып отыр. Бұған туризм де кіреді. Аталған саланы дамыту үшін қос елдің мамандары озық тәжірибелерімен бөлісіп, басқа елдің азаматтарын қызықтыратындай өнімдер ойлап табуы қажет. Туристер бір емес, көптеген елді аралағысы келеді.  Оларға ұсынар туристік өнімдеріміз көп. Соның бірегейі Каспийдегі круиздік сапар. Бұл әлемнің туристік индустриясындағы қайталанбас  жоба деп атап өтер едім.

Маңғыстау облысының тұмса, жабайы табиғаты кімді болмасын таңқалдырмай қоймайды. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан "Каспий қақпасы" кластеріне қолдау мығым. Онда жағажай туризмі, мәдени туризмі кең етек жаймақ. Маңғыстау облысының туристік индустриясына алдағы уақытта ішкі және сыртқы инвестициялар тартылатын болады.

ГҮЛСІМ ЖАРИЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Екі жылдың ішінде Каспий маңында  көлік логистикалық, инженерлік инфрақұрылымдарын дамытып, сонымен қатар демалыс базаларын таза ауыз сумен, газбен, эектр энегиясымен қамту жұмыстарын да одан әрі атқарамыз. Сондай-ақ, эко, этнотуризмге ерекше көңіл бөлінеді. Туристерге ұсынатын Маңғыстау аспан астындағы мұражайымыз бар. Онда 13 мыңнан астам тарихи ескерткіш бар.

Брифинг барысында Ресейдің көрікті жерлері туралы да сөз қозғалды.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
20:50, 21 сәуір 2021
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Толығырақ...