ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ӘКІМДЕР МЕН ГУБЕРНАТОРЛАР ӨЗАРА МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

14:24, 12 қараша 2018

Қазақстан облыстарының әкімдері мен Ресей облыстарының губернаторлары ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды. Бұл құжаттар өңір басшыларына ортақ жобаларды құрып, жүзеге асыруға септеспек.

Түмен облысы Солтүстік Қазақстанның шекаралас өңірлерінің бірі. Әріптестік қарым-қатынастары Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері үзілмей жалғасып келеді. Форум аясында Түмен облысының губернаторы Александр Моор екі бірдей өңірдің басшысымен  ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойды.

АЛЕКСАНДР  МООР, ТҮМЕН ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ, РФ:

- Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарымен меморандурдарға қол қойылды. Ортақ жобаларды да құрып үлгердік. Біздің кәсіпкерлер осы өңірлермен бірлесіп бизнесін дамытып келеді. Бұл жобалар арқылы әр қайсысымыз өңірдің мүддесін ғана емес, ортақ игілікке асырамыз деп отырмыз. 

Ақмола облысына жыл сайын 1 млн-нан астам турист келіп демалады. Оның 300-ден астамы Ресей тұрғындары. Ақмола облысының әкімдігі мен Орынбор облысының Үкіметімен келісім құжатқа қол қойды. Оның аясында екі өңірдің әлеуметтік, сауда-саттық, гуманитарлы және туризм саласындағы серіктестігі дами түспек.

МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз үшін Орынбор облысымен серіктестігіміз өте маңызды.Сондағы  әуе компаниясы жан-жақты бағытты қамтитды, самолеттер паркі мықты. Ынтымақтастық құжаты аясында «оренбурже» компаниясының самолеттері Көкшетаудан Омбы, Түмен, Қорған және Орынбор қалаларына дейін рейс жіберуі мүмкін.

Ресейліктер арасында Шығыс Қазақстан облысының демалыс орындары сұранысқа ие. Келушілердің қатарын арттыру үшін, Алакөлдің инфроқұрылымын дамытуға  5,2 млрд теңге құйылды. Енді мұнда теміржолмен ғана емес, ұшақпен де жетуге болады. Форум аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Алтай Республикасының басшылығы келісімге келді.   

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Алдағы 3 жылда осы мәселеге тағы 12 млрд теңге жұмсаймыз. Инфроқұрылымды басқаша дамытамыз. Ұржар ауылының аэропортын кеңейтеміз. Туристерді тарту үшін түрлі фестивалдар, кинофестивальдарды ұйымдастырамыз. Бірлестік жоспарымыз бар. Осы Алтай Республикасымен бірлесіп жұмыс істеп жүрміз.  Философия, мәдениет, әдебиет жағында ортақ жоспарымыз бар. 

Келісім құжаттарға салтанатты қол қою рәсімінен кейін, баспасөз маслихаты ұйымдастырылып, екі елдің облыс басшылары журналистердің сауалдарына жауап берді. Шараға қатысқан Омбы, Орынбор облыстарының губернаторлары мен Ақмола облысының әкімі Форумның өткізілуіне жоғары баға беріп, Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобалары жайында ойларын ортаға салды. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...