ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

15:06, 19 қараша 2018

Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумында жұмыс істеген еріктілер марапатталды. Олардың әрқайсысына қызмет куәлігі табысталды. Естеріңізге сала кетейік ауқымды шараға облыстан 120 ерікті қатысып, қонақ үйлер мен мейрамханаларда, әуежай мен сапаржай, вокзалда қонақтарды қарсы алып, форумның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан болатын.

Марапатталғандардың қатарында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті Венера Баяшова да бар. Оның еріктілер қатарына қосылғанына биыл төртінші жыл. Бұған дейін ЭКСПО және былтыр Қызылжарда өткен Дельфи ойындарына қатысқан Венераның тәжірибесі мол. Сондықтан болса керек, ұйымдастырушылардың сеніміне ие болып, Форум сынды маңызды шарада қонақтарға қызмет етті.

ВЕНЕРА БАЯШОВА, ЕРІКТІ:

Форумға еріктілер алынып жатыр деген брашураны көріп, қатысуға бел будым. Содан соң тренигтертен, арнайы курстардан өттік. Екі ел арасындағы достықты нығайтатын шараның жоғары деңгейде өтуіне мен де өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Шындығына келер болсақ форум күткенімізден  әлдеқайда жақсы өтті.

Ауқымды шараға тіпті отбасыларымен қатысқандар да бар. Солардың бірі Бернгардтар жанұясы. Жас жұбайлар РФ Оңтүстік Орал темір жолының Петропавлдағы бөлімінде қызмет етеді. Бұған дейін де Халқаралық дәрежедегі маңызды шараларда жұмыс істеген олар, екі ел арасындағы достықтың нышанына айналған форумға да өз үлестерін қосуды жөн санапты.

АНДРЕЙ МЕН НАТАЛЬЯ БЕРНГРАДТАР, ЕРІКТІЛЕР:

Форум өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылар бізді мақтап, мадақтап жатыр өте қуаныштымыз. Форумға өте ұзақ уақыт дайындалдық, оның ойдағыдай өтуіне барымызды салдық. Қонақтарды қарсы алып оларға жайлы жағдай жсау үшін бәрін жасадық.

СҚО жастар саясаты жөніндегі басқармасы қызметкерлерінің айтуынша биыл форумға қытысуға 400 ерікті ниет білдіріпті. Дегенмен солардың арасынан тек 120-сы сараланып алынған. Олар 15 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар. Барлығыда бірнеше тілді еркін меңгергендер.

ИРИНА ТУХВАТУЛЛИНА, СҚО ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгін Екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында белсенділік танытқан еріктілердің еңбегін елеп, марапаттап жатырмыз. Олардың 56-сы колледждердің, 48-і СҚМУ-дың студенттері, еріктілер арасында 10 мектеп оқушысы да бар, сондай-ақ 12 азамат жұмысшы тобына жатады.

120 ерікті Петропавлға келген қонақтарды қонақ үйлерде, мейрамханаларда, әуежай мен сапаржай, вокзалда қарсы алып шаһардың әсем жерлеріне экскурсия да ұйымдастырды. Оған қоса көрме ұйымдастырылған алаңда, call- орталықта жұмыс істеді. Еріктілердің осы еңбектерін айта отырып, облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек оларды алғыс хат, сертификаттармен мараптаттап, қызмет кәуліктерін табыстады.

Өңірімзде құрылған  еріктілер клубының қазір 400 мүшесі бар. Бүгінгі таңда солардың 250-і арнайы оқу курстарынан өткен.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...