ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

20:50, 16 қараша 2018

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткендердің еңбегі ескерусіз қалмады. Осыдан бір апта бұрын болған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында қауіпсіздікті сақтауға әскери институттың ұжымы да ат салысты. Солардың бірқатарына жоғары қолбасшылық пен облыс әкімдігінің марапаттары табысталды.  

Форум күндері кезекшілікке Петрорпавл қаласындағы әскери институттан 300-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Олар жеке батальонға бөлініп екі ел басшылары болатын нысандарды қатаң бақылауда ұстады. Жақын маңдағы аумақтарды назардан шығармай, тосынан болатын қауіптің алдын алуда жұмыла жұмыс атқарды.

АСЛАН ЕРҒАЛИ, ҚР ҰҰ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ 1 БАТАЛЬОН 14 ОҚУ РОТАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

- Дайындық қызу болды. Форумға бір жұма бұрын қамдандық. Себебі бұл жиынға екі елдің елбасылары қатысты. Бізге артылған міндет қомақты болды. Аумағы 8 шақырымдық жерге мен және менің жеке құрамым жауапты болды. Тосынан болатын барлық қауіптерге дайын болдық. Еңбегімнің бағалданғанына қуанышытымын.

Форум кезінде қоғамдық тәртіпті күзеткен әскери қызметкерлерге облыс әкімінің алғысын орынбасары Антон Федяев жеткізді.

АНТОН ФЕДЯЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Форумға 800 ресми делегат қатысты. Үш күннің ішінде туристік көрмеге 10 мыңнан астам адам келді. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынды. Қонақтарды орналастыру, олардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету бойынша біраз шаруа атқарылды. Бұл бағытта сіздердің атқарған жұмыстарыңыз қомақты. Ресейліктер ауқымды шараның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары бағаларын берді.

Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған тарихи шараның тиыш өтуіне облыстық полиция департаменті ұжымының да еңбегі зор. Сондай-ақ, маңызды шараға Ресейдің тәртіп сақшылары да жұмылдырылыпты.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...