ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН

17:50, 12 қараша 2018

Өңіраралық ынтымақтастық форумы біз үшін нәтижелі болды. Қос елдің арасында ондаған келісім жасалып, туризмді дамытудың жаңа бағыты айқындалды. Алдағы уақытта облыс аумағында құрылыс жұмыстарының көлемі артып, ауқымды абаттандыру және көгалдандыру шаралары жоспарланғанБұл жайлы облыстық әкімдіктің аппаратық отырысында сөз болды.

Соңғы аптада Қазақстан мен Ресей жұртшылығының назары Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына ауды. Келелі кездесуде туризм тақырыбы көптің қызығушылығын тудырды. Форум аясында өткен жиындар мен шараларға 3 мыңға жуық делегат қатысты. Көрмені 3 күннің ішінде 10 мыңнан астам адам тамашалапты. Маңызды басқосу жемісін берді. Қазақстан мен Ресей тараптары біраз келісімге келді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Форум аясында көп ұсыныстар түсіп жатты. Ведомстволар, туроператорлар мен жобалаушылар арасында ондаған меморандум, келісім шарт жасалды. Туризмге жауапты екі елдің министрліктері шекарадан өту тәртібін жеңілдету жөнінде ортақ мәмілеге келді. Алдағы уақытта осы сұрақ үкіметте жіті қаралатын болды.

Өңірге жасаған жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Н. Назарбаев жергілікті активпен кездесу өткізген болатын. Сонда басым бағыттарды дамыту жөнінде тапсырма жүктеді. Оның бірі ІТ саласын дамыту.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ел Президентіне оқушылар сарайы ұнады. Оның ішіндегі ІТ орталықтың орны бөлек. Ондай еліміздің басқа өңірлерінде жоқ. Оқушылар сарайына бір мезетте 1800 адам сыяды. Мұнда киностудия ашылмақ. Түрлі жастағы балаларға арналып бағдарламалар әзірленетін болады.

Форумда бағыт-бағдар айқындалды. Енді жұмыс жоспарларын түзіп, іске білек сыбана кірісетін уақыт жетті. Жарқын болашақта сырттан қалталы азаматтарды көптеп тартып, туризмнің өрісін кеңейту міндеті тұр. Осы орайда, Құмар Ақсақалов облыс бойынша ауқымды абаттандыру және құрылыс жұмыстарының болатынын айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыс аумағында құрылыс және абаттандыру жұмыстарының қарқыны бәсеңсімейді, керісінше, күшейе түседі. Елбасы тапсырмасына сәйкес, болашағы бар ауылдар мен қалаларды дамытамыз. Облыс бойынша барлығы 200 ғимарат пен Имарат сырылды. Бұл жұмыстарды қазір де жалғастыру керек. Тозығы жеткен үйлер мен қаңырап қалған нысандарды бұзып, сырып тастау керек. Құрылыс жұмыстарының көлемі көп. Оған бөлінген қаражат та қомақты. Форумға дайындық кезінде біраз олқылықтар көрініп қалды. Жұмыс күші, құрылысшылар тапшылығы байқалды. Біз алдағы уақытта осы мәселелерді шешіп алуымыз қажет.

Алдағы уақытта жергілікті маңызы бар ішкі жолдарға назар аударылады. Ауылдық жерлерде жыл сайын 600 үй бой көтермек. Өңірлерді дамытудың 3 жылдық бағдарламасы аясында жаңа мектептер тұрғызылып, үш ауысымдық оқыту мәселесі шешілмек. Облыс орталығында көпфункционалдық аурухана, әскери институт пен университеттің оқыту корпустары салынады.  Және жыл жаңалығы - Петропавлда кадет корпусы ашылмақ. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
14:37, 12 қараша 2018
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...