Форум аясында ұйымдастырылған көрмеге келушілердің назарына галактикалық шоу көрсетілді. Ғарыштық туризмды дамытудың нышаны ретінде ұсынылған бейне дыбыстық және 3Д эфектілерімен әрленді.
Адам баласы ғарышқа алғаш рет Қазақстанның аумағында орналасқан Байқоңыр айлағынан ұшты. Бұл әлемдегі ең ірі жер беті ғарыш полигоны. Көрмеге жиналғандардың айтуынша, еліміздің бұл ерекшелігін туристік бағытта қолдану, үлкен жетістіктерге әкелуі әбден мүмкін.
Әсел ОРАЗБАЕВА