ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ХАЛЫҚ КӨРМЕНІ ТЕГІН ТАМАШАЛАДЫ

14:29, 12 қараша 2018

Өткен сенбі күні қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық форумынына орай ұйымдастырылған халқықаралық көрмені тегін тамашалады. Екі елдің туризм саласы жайында мол ақпар беретін көрмеден халық қандай әсер алды? Арна тілшілері біліп қайтты.

Екі елдің әсем табиғаты мен аймақтары туралы мәлімет беретін үлкен экрандар мен көздің жауын алатын әсерлі шоу. Көрмеге келушілерді қызықтырған тағы бір дүние ол виртуалды көзілдіріктер.

ДИАНА ТАЗИКОВА, ЕРІКТІ:

- Бұл виртуалды көзілдіріктерді қазақстандық компания көрмеге қойды. Онда Қазақстанның көлдері мен әсем табиғаты жайлы бейнені тамашалауға болады. Өте керемет әсер береді.

Виртуалды әлем идеясын ұнататындар үшін Қазақстан және Татарстанға саяхат ұйымдастырылды. Әуеден түсірілген әсем пейзаждарды келушілер 360 градус кеңдікпен тамашалауға мүмкіндік алды.

- Бүгін халықта көп. Ұанағасын келіп отырғой бәрі. Өте ұнады бәрімізге.

- Өте қызықты және бәрі жақсы орналастырылған. Әлі де осы Ресей мен Қазақстанның екі ортасы осындай жақсы туризмдері жақсы жақсы дамыған көріп жатырмыз. Сондықтан қуаныштымын.

Сондай-ақ көрмеге келушілер түрлі халықтардың ұлттық дәстүрі және олардың кәсібімен танысты. Мысалы Беленколар отбасы ата-балаларынан қалған кәсіптерін жалғастырып, ыдыс-аяқтар, кәдесыйлар және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды.

СЕМЕН БЕЛЕНКО, ЭКСПОНЕНТ:

- Көрме өте қызықты өтіп жатыр. Екі елдің президенттері келді. Ағаштың кедр, грек жаңғағы, кап клена сынды  түрлерін қолданып түрлі бұйымдар жасаймыз. Келушілерге ұнап жатыр. 

Форумда 70 аса түрлі мемрондум мен келісімшарт жасалды. Солардың қатарында Павлодар облысы да бар. Өңірге қазірдің өзінде үлкен көлемде инвестициялар тартылуда. Келетін туристерге де қолайлы жағдай қарастырылған.

ЖАНДОС ӨКЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Павлодар облысы тек қана Баянауыл, Жасыбай өңірімен ғана емес, әрине тұзды көлдер өте көп. Пайдалы және бізде медийиналық туризм дамыған. Бізде Мойылды санатория бар. СНГ елдерінің арасында өте танымал болып саналады. Туристер бойынша Павлодар облысына 200 мыңнан астам турист келген соның ішінде 10 мың басқа шетелдерден 

Жалпы өңір тұрғындары мен көрші елден келген қонақтардың сөзінше форум жоғары деңгейде өтті. Барлығы да ерекше әсер алғынын айтып, Петропавлға жоғары бағаларын берді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...