ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ БІРІГІП ЖЕҢІЛ МОТОРЛЫ ҰШАҚТАР ЖАСАП ШЫҒАРМАҚШЫ

20:44, 8 қараша 2018

РФ Сергей Ильюшин атындағы авиациялық кешені мен Қазақстан авиациялық зауыты бірігіп жеңіл маторлы  ұшақтар жасап шығармақшы. Екі тарап бүгін форум аясында өткен жиында осы жөнінде меморандум қабылдады. Әріптесім Нұрсұлтан Тілектесов жалғастырады.

Жиынға Booking.com ұйымының менеджері Әлібек Датбаев, "Экспоненциал групп" компаниясының басқарушы директоры Флорьян Бехренд сынды технология саласының майталмандары қатысып «Вертуалды әлем идеясын туризм саласында қолдану», «Цифрлы Қазақстан», «Заманауи технологияларды танымдық туризм саласына енгізу» тақырыптарында сөз қозғап өз ойларын ортаға салды. Павлодар қаласының тумасы Әлібек Датбаев қазір Амстрдам қаласында жұмыс істейді. Ол форумға ұсыныспен келіпті.

ӘЛІБЕК ДАТБАЕВ, «BOOKING.COM» ҰЙЫМЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Booking.com бұл өте үлкен ұйым. Құрамында 17 мыңнан астам маман қызмет атақарады. Біздің компания көптеген қызметтер ұсынады. Осы жобаны Болашақта Петропавлда енгізуді көздейміз. Тек бизнес әріптестер керек. Сондықтан да бүгінгі сессияда біз немен айналысатынымызды және тәжірибе жүзінде оны қалай қолданатынымызды түсіндіретін боламын. Сондай – ақ туризм саласына қатысты бірнеше жаңа трендтер туралы әңгімелейтін боламыз.

Жоспар бойынша 2025 жылға дейін  Қазақстан сырттан келетін туристердің санын 7 млн-ға жеткізуді көздеп отыр. Бұл бюжетке түсетін қаржы көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына жол ашады. Сессия барысында РФ С.В. Ильюшин атындағы авиациялық кешені мен Қазақстан авиациялық зауыты арнайы меморандумға қол қойды. Келісімшартқа сәйкес көршілеріміз Қазақстанда ұшақ құрастыратын зауыт салмақшы.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Бұл маңызды шараға Қазақстанның 18, Ал Ресейдің 11 өңірі қатысып отыр. Форум аясында тараптар 70-тен астам түрлі келісім шарттар жасасатын болады. Соның бірі жаңа ғана қабылданған РФ С.В. Ильюшин атындағы авиациялық кешені мен Қазақстан авиациялық зауыты арасында қабылданған меморандум. Оған сәйкес екі жақ бірігіп ИЛ 103 деп аталатын жеңіл ұшақтар шығармақшы. Мақсат екі ел арасындағы туризмді барынша дамыту.

Зауыт 2019 жылы салына бастайды. Құрылыс жұмыстары 1 жылға созылады деп жоспарланып отыр. Ұшаққа келер болсақ ИЛ 130 М деп аталатын бұл әуе көлігі негізінен 1963 жылдың ақпанында сертификатталған екен.

АЛЕКСЕЙ РОГОЗИН, МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «С.В. ИЛЬЮШИН АТЫНДАҒЫ АВИАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН» КАҚ  БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз бүгін әріптестік жөніндегі меморандум қабылдадық. Осылайша болашаққа үлкен қадам жасдық деп ойлаймын. Жеңіл маторлы ұшақтар негізінен көптеген бағыттарда қолданылады. Туризм саласын дамытуға да үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз. Өйткені Қазақстанда таулы аймақтар көп. Туристерді сол әсем жерлерге жеткізу үшін жеңіл маторлы ұшақтарды пайдаланатын боламыз.

ВИКТОР ДОЛЖЕНКОВ, «ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Меморандумға сәйкес бірлесіп Петропавлда жеңіл маторлы ұшақтар шығарамыз. Иа зауыт Петропавлда салынады. Бұл оңай шару емес, дегенмен жоспарға сай әрекет етсек көздегімізге жетеміз деп ойлаймын.

Былтыр Қазақстанға Ресейден 1 млн 700 мың турист келіпті. Бұл өңірімізде туристік саланың дамып келе жатқандығын айқындайды. Биыл осы көрсеткішті арттыру міндеті тұр. Форумға келген қонақтар көрме алаңын тамашалап, қаланың көркейіп келе жатқанын тілге тиек етті. Маңызды шараға қытысушылардың бірі Омбы облысы аспаздар ассоциясының президенті Светлана Галкина. Бұл оның Қызылжарға алғаш келуі.

СВЕТЛАНА ГАЛКИНА, ОМБЫ ОБЛЫСЫ АСПАЗДАР АССОЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Омбы облысының билік өкілдерінің арнайы шақыртуымен келіп отырмыз. Өңірлеріміз бір-біріне жақын орналассада осы кезге дейін бірде-бір рет келмеппін. Шындығына келер болсақ қалаларыңыз өте ұнады. Форум да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Шара өте қызық өтіп жатыр. Петропавл туралы, жалпы Қазақстан туралы көптеген пайдалы мәліметтер алдық. Сәтін салса тағы келеміз.

Шара аясында Түмен – Қарағанды, Павлодар, Омбы – Ақмола облыстарының өкілдері де бірнеше маңызды меморандум қабылдап, келісімшарт жасасты. Айта кеткен жөн қонақтар достық пен ынтымақтың алаңына айналған Петропавлға оң бағасын беріп, форумның жоғары деңгейді өтіп жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...