ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ ӘРІПТЕСТІГІ НЫҒАЮДА

21:12, 9 қараша 2018

Қазақстан мен Ресей кітапханашыларының әріптестігі нығаюда. Қос елдің мамандары заманауи технологиялардың көмегімен қашықтықтан тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіруде. Бүгін өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ТМД кітапханалары арасында халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

Кітапханашылар қауымы замануи технологиялардың көмегімен оқырмандардың санын арттыруға барынша тырысып жатыр. Қордағы сирек деген туындыларды электрондық форматқа ауыстыруда. Жерлестеріміз осы жөнінде ресейлік әріптестерімен онлайн-форумда пікір алмасты. Ресей мен Қазақстан кітапханалары арасында ортақ кітапхана порталын құру туралы ұсыныс жасады.

ГАЛИНА ШАХМАНТОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Осы жиында бірыңғай электрондық кітапхана құру жөнінде сөз қозғалды. Онда өлкетануға қатысты барлық материалдарды енгізбекшіміз. Сондай-ақ, әр кітапханаөз жетістігін сол порталға орналастыра алады.

Жерлестеріміз қазіргі таңда кітапхана қорындағы ең сирек кітаптарды М.Жұмабаев порталына енгізуде. Әзірше, 1060 туындыны электрондық форматқа ауыстырған. Бұл кітапхана қорының азғантай ғана бөлігі. Бүгінде бұл жұмыстармен аудандық кітапханалар да айналысып жатыр.

НИКОЛАЙ ВЕРБОВСКИЙ, ВОЛОДАРСКИЙ СЕЛОЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ:

- Біз барлық бастамаларды қолдап, көштен қалмай келеміз. Кітапханашыларымыз озық тәжірибелерді үйрене отырып, өздері де тың жобаларды ойлап табуда белсенділік танытып жүр. Мысалы, біз қазір романдар мен трилогиялар негізінде түсірілген филмдерге анализ жасаймыз. Сол сараптаманы оқырмандарға ұсынып, олардың жақсы кітапқа ғана емес, сапалы киноларға деген талғамын қалыптастырамыз.

Жерлестеріміз өзге де тәжірибелерімен онлайн-форум барысында ресейлік, қостанайлық және павлодарлық әріптестерімен бөлісті.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...