ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ КӨРМЕСІ

20:36, 8 қараша 2018

Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумына еліміздің барлық облысынан және де Ресейдің он облысы туризм жайындағы өздерінің экспонанттарін қойып, келушілердің қызығушылығын оятуда. Алқалы жиын жаңадан ашылған теннис орталығында ұйымдастырылған көрмеден басталды.

САМАТ САПАРАЛЫ, ТІЛШІ:

- Петропавлда көптен күткен өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Мақсат, Қазақстан мен Ресей арасындағы туризм саласын дамыту, әріптестікті нығайту. Сондықтан да екі елдің әр облысы мен автономдық елдері осы теннис орталығында көрмелерін ұйымдастырып, өздерінің келушілерінің санын арттыруды көздеп отыр.

Екі күндік форумның алғашқы күні Қазақстан мен Ресей делегаттары өз облыстарындағы демалыс орындары мен көне тарихи жерлерді жарнамалап, арнайы көрме ұйымдастырды. Ақтөбе облысының «Зәру» маралдық қанымен емдеу шипажайы жақында ғана ашылған демалыс орны. Бану Тілегенова «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 200 млн. теңге қаржы алып, өз ісін дамытқан. Кәсіпкердің жаңа жобасы нәтижесінде 25 адам жұмыспен қамтылыпты.

БАНУ ТІЛЕГЕНОВА, «ЗӘРУ» ПАНТОМЕН ЕМДЕУ ШИПАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ:

- ШҚО-нан марал әкелдік біздің жаққа, былтыр күзде әкеліп, қазір өсіп, төлдерін алып жатырмыз. Енді соның қанымен емдеп жатырмыз санаториде. Бұл жоба жұмыс істеп тұр, қонақтар келіп жатыр, Орынбордан, Ресейден келіп жатр, Астанадан, Ақтаудан бұғының қанымен газ өндірісінде, ауыр металлургияда істеген адамдарды емдейміз. Өзімізде сауықтыру туризмі бар деп, көрсетіп, осы жердегі болған адамдармен танысып, туристтер келсін, шетелден, Ресейден, сол жоспарымыз.

Ал ШҚО-ның делегаттары «Тарихи жол» мобильді қосымшасын таныстырды. Осы күнге дейін шығыстың 42 көне тарихи және заманауи демалыс орны цифрландырылған. Тамыз айында ғана іске қосылған қосымшаға бүнгінде ШҚО, Жамбыл және Алматы облыстарының киелі жерлері еніп отыр.

АРМАН ЕСЕНҒОЖИНОВ, «ALTERNATIVE VISION SOFTWARE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДАМУ ДИРЕКТОРЫ:

- Сіз нысанға келген кезде QR-кодты көрсетіп, ярь гидін көре аласыздар. Ярь-гид Сіздерге нақтылап, бүкіл ақпаратты жеткізеді 5 тілде. Ол қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше. Сонымен қатар, осы «Тарихи жол» мобильді қосымшаның ішінде өз комментерийлеріңізді қалдырсаңыз болады.

Солтүстік Қазақстан жерімен шекаралас орналасқан Ресейдің Омбы облысының табиғаты сан алуан, орманы да, тұзды көлі де, шөл даласы да бар. Сондықтан соңғы жылдары бұл орында экологиялық туризм саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстандық азаматтардың көңілін аудару үшін бүгінгі көрмеге арнайы келіп, эко-отельдерін ұсынды.

АННА СТАТОВА, ОМБЫ ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл эко-отельде жатып жұлдыздарды тамашалауға, күннің шығуы мен батуының ерекше көріністеріне куә болуға болады. Табиғат аясында оңай орнатылады. Қазақстандық әріптестеріміз де қызығушылық танытып, сатып алу мәселесімен өтініш жасап жатыр. Алдағы уақытта мұндай отельдерге деген сұраныс тек арта түседі деп ойлаймын.

Мұндай эко-отельдер Еуропада өте сұранысқа ие, оның ішінде Францияның өзінде төртеуі бар, - дейді мамандар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданы туризм дамыған мекен, 38 демалыс орны орналасқан. Биылдың өзінде осы бағыттағы жолдарды жөндеуде 3 млрд. теңге бөлініпті.

АМАНБЕК МАХМЕТОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бір палатканы көрдік, негізі 150 мың рубль екен, біздің теңгемен алғанда 750 мың теңгенің маңайында. Біздің Айыртау ауданында Шалқар, Имантау демалыс орталықтары бар, негізі бізде мұндай палаткалар жоқ еді, өте жақсы, біз осыны әрі қарай жарнамаласақ па деген ойымыз бар. Туризм саласына Елбасы көп көңіл бөліп жатыр, өз Жолдауында да СҚО Айыртау ауданында Шалқар деген көл бар деп айтып өтті, сондықтан да 2018-2019 жылы туризм жақсы дамиды деген ойдамыз, Осы көрме өзінің септігін тигізеді, себебі мұнда жақсы идеялар бар екен.

Қазақстан туризмнен 1,929 ал Ресей 8,945 млрд. АҚШ доллары көлемінде пайда көріпті. Бұл саланың даму көкжиегі кең. Сондықтан да оны қарқынды дамыту үшін ең алдымен инфрақұрылымды ретке келтіру  қажет. Соңғы жылдары осы мәселені қолға алған аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көрші облыстар Омбы, Түмен, Қорған облыстарына апаратын жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге қомақты қаржы бөлді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Соңғы 2 жылда Ресейлік туристтер саны екі есеге өсті. Енді шекарадан өту ережелерін оңтайландыру керек, бұл бүгін және ертең талқыға алынатын маңызды мәселелердің бірі болады деп ойлаймын. Өйткені жаздыгүні кезек саны көбейеді.

Ынтымақтастық форумында Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік саладағы өзара әріптестікті нығайтуға, оның ішінде, екі елдің іскер топтары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету арқылы туризмді дамытуға аса мән беріледі. Елде болған елеулі шараға жерлес актриса, 71-ші Канн кинофестивалінің үздік актрисасы Самал Еслямова да арнайы қонақ ретінде төбе көрсетті.

САМАЛ ЕСЛЯМОВА, КАНН ФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІК АКТРИСАСЫ:

- Қаламызда, облысымызда осында үлкен шара өткелі жатыр, өте қызықты. Бір-екі күнге болса да елге келгеніме өте қуаныштымын. Осындай шаралар өте маңызды ғой ел үшін, Ресей үшін, ынтымақтастық үшін керек. Тарихи шара, тілейтінім жерлестеріме жақсылық, әр үйде татулық, бақыт болсын.

ЭДУАРД КАРУЛОВ, АЛТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Петропавлдың кісілері жақсы, мейірбан деп айтуға болады. Форумда көп кісілермен таныстық, Қазақстанның менталитеті ұнап отыр. Көптеген туристтік агенттіктермен сөйлестік. Біз маралдың етін, алтай жылқысының етін әкелдік. Алтай Республикасының балы, жаңғақ әкелдік.

Екі мемлекет көрмеге 40 экспонат қойды. Шараға Қазақстанның барлық өңірлері мен Ресейдің 10 облысының өкілдері қатысуда. Ертең форумның екінші күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтеді.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...