ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ДОСТЫҒЫ

17:59, 7 қараша 2018

Форум аясында облыс орталығына келген қонақтардың арасында Омбы, Қорған және Түмен облыстарының өнер ұжымдары да бар. Ресейлік әртістер солтүстікқазақстандық көрермен мен қонақтар назарына өздерінің репертуарынан үздік деген нөмірлерін әкелген. Омбы мемлекеттік халық хорының гала концертке әзірлігін арна тілшілері барып көріп қайтты.

Облыстық филормонияда Ресейдің жақын өңірлерінен Түмен, Қорған және Омбы облыстарынан келген үздік деген хореографиялық және вокалдық ұжымдардың соңғы дайындықтары қызу жүріп жатыр. Мәселен Мемлекеттік Омбы Орыс Халық Хоры осыдан 68 жыл бұрын құрылған. Ол оркестрлік, балет және хор болып 3 топқа бөлінген. Хорда 104 әртіс бар. Петропавлға негізгі құрам 7 нөмір әкеліпті. Олар форумға жиналғандарды барынша таңғалдырмақ ниетте.

АЛЕКСАНДР ЗОБОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ОМБЫ ОРЫС ХАЛЫҚ ХОРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз ең алдымен өз тілдерімізде қысқаша ән шырқайтын боламыз. Кейін бірігіп достық жайында да ән айтпақпыз. Қазақстан мен Ресей елі әрдайым жақсы қарым-қатынаста. Және алдағы уақытта да осыалй болады деп ойлаймын.

Ерлер балеті «Хлопуха» биін билемек. Өз өнерлеріне көптеген мемлекетті тәнті еткен «Сибирский край» алтын қорының вокалды-хореографиялық нөмірі солтүстікқазақстандық көрермендерді қуантады дейді- Мемлекеттік Омбы Орыс Халық хорының әртісі Валерий Подворный. Ресейлік әртістер қазақ өнерімен бұрыннан таныс екен.

ВАЛЕРИЙ ПОДВОРНЫЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ОМБЫ ОРЫС ХАЛЫҚ ХОРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

- Қазақстан күн санап дамып келе жатыр. Олар ән мен биді жақсы меңгерген. Біз көрші мемлекетпен тату-тәттіміз. Біз қазақстандық әріптестермен бұрыннан доспыз. Өте қуаныштымыз. Достығымыз ешқашан бұзылмасын.

Солтүстікқазқастандықтарды форум аясында  көптеген театрлық қойылымдар күтіп тұр. Қазіргі таңда жергілікті кинотетарларда Қазақстан мен Ресей киносының күндері өтуде. Кіру тегін.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...