ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

КӨРМЕ ЭКСПОНЕНТТЕРІНІҢ АЙТАРЫ МЕН КӨРСЕТЕРІ КӨП

14:15, 9 қараша 2018

Форум аясында ұйымдастырылған көрмеге Қазақстан мен Ресейдің туроператорлары, туристік компаниялары мен ұйымдары қатысып, туристік әлеуетін таныстырды. Әр аймақ өз ерекшелігін алға тартып, келушілердің назарын аударуға тырысты.   

Туризм елімізде енді дамып келе жатқан сала болғанымен, көрмеге қатысқан қазақстандық делегатардың айтары мен көрсетері көп болды. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен ерекшеленген.  Бұл қасиетімізді Петропавлға алғаш рет ат басын бұрған қонақтар да байқап үлгерді.

ЭДУАРД КАРУЛОВ, АЛТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Петропавлдың кісілері жақсы, мейірбан деп айтуға болады. Форумда көп кісілермен таныстық, Қазақстанның менталитеті ұнап отыр. Көптеген туристтік агенттіктермен сөйлестік. Біз маралдың етін, алтай жылқысының етін әкелдік. Алтай Республикасының балы, жаңғақ әкелдік.

Пантомен емдеу әдісі елімізде де біртіндеп қолға алынған. Жалпы бүгін халық дем алып қана қоймай, ағзасын да сауықтырғанды қалайды. Ақтөбелік кәсіпкерлер осыны ескере отырып, бизнесін дамытуда.

БАНУ ТІЛЕГЕНОВА, «ЗӘРУ» ПАНТОМЕН ЕМДЕУ ШИПАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ:

- ШҚО-нан марал әкелдік біздің жаққа, былтыр күзде әкеліп, қазір өсіп, төлдерін алып жатырмыз. Енді соның қанымен емдеп жатырмыз санаториде. Бұл жоба жұмыс жасап тұр, қонақтар келіп жатыр, Орынбордан, Ресейден келіп жатр, Астанадан, Ақтаудан бұғының қанымен газ өндірісінде, ауыр металлургияда істеген адамдарды емдейміз. Өзімізде сауықтыру туризмі бар

Туризмның дамуы экономиканың 32 секторына оң әсерін тигізеді. Атап айтсақ, тұрғындарды жұмыспен қамту, елді мекендердің инфроқұрылымын жаңарту, бюджетке құйылатын қаражаттың артуы және тағы басқа. Алматылық «Геодата плюс» компаниясы туристік жобаларын құру барысында ең әуелі жергілікті тұрғындардың мүддесін ескеріп отырады екен.

ЛЮДМИЛА КУЗНЕЦОВА, «ГЕОДАТА ПЛЮС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Негізінен аймақтарды басқару мен туристік мәселелрді шешумен айналысамыз. Баянауыл аймағында кешенді жоба  әзірледік. Көкжайлау тау шипажайының экономикалық негіздемесін жасадық. Туризмді  дамытқымыз келсе, ең әуелі аймақтың дамуына жағдай жасауымыз керек. 

Көрмені тамашалауға келген қонақтар, әр аймақтың павильонына барып, бейнероликтер мен жарнамалық буклеттері арқылы сол өңірдің ерекшелігімен таныса алды. Кейбіреулері болашақ туристерді  қызықтыру үшін,  түрлі тағамдарынан дәм татуды ұсынды.     

ВАЛЕНТИНА  ОБОДОВСКАЯ, «ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біздің ұйым Астанадағы экономикалық Форумға қатысты, бүгінгі іс-шара одан еш кем емес екендігін айта аламын. Меніңше туризмді теңіздің жағалауында, таудың етегінде ғана емес, кез келген жерде дамытуға болады. Солтүстік қазақстан облысының табиғаты таза. Бүгін бұл аса құнды. Брендке айналдыруға болады.

Жалпы Петропавлда тұңғыш рет өткізіліп жатқан ауқымды шара Қазақстанның 18 аймағының өкілдерін,  4 ұйым мен 4 тур операторды жинады. Ресейдің демалыс орындарын таныстыру үшін 11 аймақтың   өкілдері қатысты. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
20:50, 21 сәуір 2021
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Толығырақ...