ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ҚР МЕН РФ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ XV ФОРУМЫ

21:09, 9 қараша 2018

Петропавлда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық 15-ші форумы өтті. Алқалы жиынға екі елдің мемлекет басшылары қатысты. Кездесу барысында шекаралас өңірлердің туризмін дамыту бойынша бірлескен іс-әрекет жоспарына қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей мемлекеттік органдары, ұйымдары мен бизнес субьектілері арасында туризмді дамыту және ынтымақтастық бойынша 75 екіжақты құжат пен меморандумға қол қойылды. Екі тарап шекаралық облыстарда 100-ден астам туристік  бағытты бірлесіп жүзеге асыруға келісті.

15-ші рет ұйымадстырылып отырған форум Петропавлда жаңадан салынған оқушылар сарайында өтті. Талқыланған басты тақырып турзим саласын дамыту. Ол  үшін еліміздің де, көрші мемлекеттің де мүмкіндігі мол. Алыстағы ағайыннан, жақын жердегі көрші артық деп сөзін бастаған Ұлт көшбасшысы, Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз деді. Сондықтанда, қарым-қатынас жан жақты болғаны жөн. Бұл орайда туризмнің алар орны ерекше. Себебі ол қазіргі экономиканың негізгі драйвері саналады, – деді Н.Ә.Назарбаев.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерін Ресей Президенті де қолдап отыр. Владимир Путин форумға дейінгі кездесуде Елбасымен екі мемлекет арасындағы тауар айналымы туралы әңгіме өрбіткендерін атап өтті. Ресей Федерациясы басшысының айтуынша, екі мемлекет арасындағы қаржы айналымының 63 пайызы ұлттық валютамен есептеледі екен. Осыған дейін 400 келісім мен меморандумға қол қойылыпты. Енді міне, 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумында тағы бір қатар құжаттарға қол қойылмақ.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Форум барысында екі елдің туристік әлеуеттері жайында айтылды. Әсіресе қазіргі таңда туризмнің халық арасында сұранысқа ие бағыттары сөз болды. Мәселен ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Махамедиұлының айтуынша қазіргі кезде Түркістан облысына Қожа Ахмет Яссаудың мазарына құлшылық ететіндердің қатары артқан. Оның арасында ресейліктер де бар. Ал, Ресей Президенті болса, теңіз туризмінің болашағы зор деп отыр. Қазіргі кезде Каспий теңізіне лайнерлер жіберілмек. Ал біздің өңірге келер болсақ суы теңіз суынан кем емес Шалқар көлі мен Израильдегі Өлі теңіздің суына пара-пар Меңгесерімізбен мақтана аламыз.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыста экологиялық, белсенді туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Жалпы «экотурзимді» дамыту  қазіргі таңда әлемдік тенденцияға айналды. Біздің өңірдегі экотуризмді  ұйымдастыруға Имантау-Шалқар курорттық аймағы таптырмас орын. Ол еліміздегі туримзді дамытуға болатын 10 басты бағыттарға енеді. Сіздің Нұрсұлтан Әбішұлы  тапсырмаңызға орай, Иманату-Шалқар курорттық аймағын дамыту үшін арнайы жоспар құрылуда. Астанадан және Ресей Федерациясынан келер жолдар күрделі жөндеуден өтті. Ол өз кезегінде туристердің санын арттыруға септеспек. Соңғы екі жылда Ресейден келетін демалушылардың саны екі есеге өсті. Келер жылы  туристер саны бұдан да артады деген үміттеміз.

Сонымен қатар өңір басшысы Кемпинг және автокараванинг сәнге айналғаныны айтты. Өңірімізде тарихи нысандар жетерлік. Оның ішінде энеолит дәуіріне жататын Ботай қонысын айтуға болады. Мұнда алғаш рет жылқыны қолға үйреткен. Бұл да туристерді қызықтыруы мүмкін. Форум барысында Қазақстанның да, Ресейдің де танымал және енді танылып келе жатқан курорттық орындары жайлы ақпарат берілді.

ГҮЛНӘР САЙЛАУҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

- Форум аясында екі ел Президенті Қазақстан мен Ресей шекара аймағындағы өңірлерде туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-әрекет жоспарына қол қойды. Сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары, ұйымдары бизнес арасында турзимді дамытуға және ынтымақтастық бойынша 75-тен астам құжат пен меморандумға қол қойды. Екі тарап шекаралық өңірлерде 100-ден астам турситтік маршрутты бірлесіп жүзеге асыруға келісті. Айта кету керек, келесі өңіраралық ынтымақтастық форумы Ресейдің Омбы қаласында өтетін болады.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
20:50, 16 қараша 2018
ФОРУМДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
17:50, 12 қараша 2018
ФОРУМҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...