Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумын Петропавлда өткізу туралы шешім былтыр Ресейдің Челябі қаласында өткен 14-ші форумда қабылданған болатын. Одан соң Солтүстік Қазақстан облысы халықаралық деңгейдегі шараны ұйымдастыру барысында бірқатар істердің басын қайырды, елдің, облыстың әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеретін жобалар іске асырылды. Осы жолғы шара туризм тақырыбын арқау еткендіктен, бұл бағытта өңірде дамыту үшін екі ел өзара қарым-қатынасын әрі қарай да өрбітпек.
ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЛИЕВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
- Форумның басты мәселесі екі мемлекет қарайтын туризм мәселесі. Бізде мұны дамытуға жағдайдай жақсы, Шалқарымыз, Имантауымыз неге тұрады. Айыртау өңірі туризмге сай, сондықтан оны әрі қарай дамыту біздің мақсатымыз. Бұл форум үлокен мәселені шешеді Ресейде бұл мәселе өте жақсы жолға қойылған, енді осы екі мемлекет бірігіп отырып, біздің Қазақстанда да туризм дамыса, өте жақсы бюджетке көптеген ақшалар түседі. Осы екі мемлекеттің алдағы тұрған форумы өте жақсы өтуін мен тілеймін, жақсы өтеді деген сенімдемін.
Самат САПАРАЛЫ